Маңдайға біткен бақ

Маңдайға біткен бақ

Байлығымен елінің жайлылығымен ерекшеленген кең байтақ даланы мекендеген ата-бабаларымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама қалалар мәдени орталықтар қиратылды, жазықсыз жандар құрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Тар қапастан торыққан тұтас бір елге тағдыр тосын сый жасады. Тілі мен діні, ділі мен мәдениеті уақыттың қатерлі тұсына келген, енді аттаса, заман жарқабағынан құлау қарсаңында – мүлдем жойылу, тарих сахнасынан біржолата сызылып кету қаупі алдында тұрған қазақ халқына жиырмасыншы ғасырдың соңы ерекше тосынсый сыйлады. Ғасырлар бойы «аттың жалы, түйенің қомында жүріп» дербес ел болуды көксеген кемеңгер ойлы, кесек тұлғалы көсемдеріміз бен шешендеріміздің рухы бір-бір аунап, қазақтың ұлан байтақ даласына Тәуелсіздік дейтін қыран кескінді, алтын қанатты киелі құс келіп қонды.

Жас баладай тәй-тәй басқан мемлекеттің оңы мен солын тіктеп, болашаққа нық қадам жасау жолында  жас мемлекетке тағдыр елдің ертеңіне өзінің тағдырындай алаңдайтын Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай кемел ойлы кемеңгер ерді нәсіп етті. Міне, 26 жыл уақытта біздің бейбіт мемлекеттің өрге сүреп келе жатқан Елбасының ерен еңбегіне күллі халық дән риза десек артық айтқандық болмас. Тағдырдың берген тәтті сыйымызбен Түркия құттықтап бастап, әлемнің 100-ден астам мемлекеті мойындады. Тағы да бір жыл өткенше   тәуелсіздігімізді таныған мемлекеттердің саны 108-ге жетіп, солардың 70-імен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылса, 21-і Қазақстанда елшіліктерін ашып үлгерді. Тәуелсіздікке қол жеткізуде, елімізді нарықтық қатынастың ауыр қыспағынан алып шығып, 140-тан астам ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп, елімізде татулық пен бірліктің берік іргесін қалауда Елбасының еңбегі ұшан-теңіз. Қазір елімізді бүкіл әлем таниды. Президентіміздің дана саясатының арқасында елімізде үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламалар жүзеге асуда. Бұл бағдарламалар бойынша мемлекетіміз өндірісті өркендете отырып, шикізаттық дамудың шылауынан шығып, өндірісі дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылатын болды.
Елбасы мемлекет алдына жыл сайын негізгі жоспарды яғни, қазақстандықтарға арнаған Жолдауын жолдауды жыл сайынғы әдетке айналдырған. Әр Жолдаудың негізгі әрі маңызды бөлімдері білім саласына айналатыны анық. Себебі, тек білім арқылы біз биік белесті бағындыратынымыз белгілі. Міне, сол себепті де Құрлық әскерлерінің Әскери институты қазіргі заман талабына сай жан-жақты тереңдете білім беруде. Сонау  1970 жылдан институт білімге құштар жастарға есігін ашқан болатын. КСРО Жоғары Кеңесінің Қаулысы негізінде Алма-Ата жоғары жалпы әскери командалық училищеден бастау алады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 11 ақпаны № 3353 Жарғысымен И. С. Қонев атындағы АЖӘКУ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясына ауысты. Содан 2003 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1080 қаулысымен ҚР ҚК Алматы жоғары әскери училищесі Құрлық әскерлерінің Әскери институты болып өзгертілді.
Институттың негізгі міндеті – Құрлық әскерлерінің құрылымдарына жоғары мамандандырылған офицер дайындау. Құрлық әскерлерінің Әскери институты жоғары әскери кәсіпқой білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды 14 мамандықтар бойынша дайындайды. ҚР Қорғаныс Министрі Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасындағы шешіміне сәйкес Құрлық әскерлерінің Әскери институты  Коллективтің қауіпсіздік келісімі ұйымы мүше-мемлекеттерінің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды  дайындайтын оқу орындардың тізіміне қосылғандығын зор мақтанышпен айтуға болады.
Институт замануи оқу-материалдық базамен, техникалық оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Институттытың дәріс аудиториялары, кабинеттері және класстары ғылым мен техниканың заманауи даму деңгейінде әскери мамандарды дайындауға қажетті барлық техникамен жабдықталған.
Білім ордасында физикалық тұрғыда берілетін тәрбиеге үлкен көңіл бөлінеді. Физикалық дайындық – әскери оқыту және тәрбиенің маңызды бөлігі екені айтпасақ та түсінікті. Ол әскери қызметшілердің қару-жарақпен және жауынгерлік техникамен иемденуге, оларды ұрыста сапалы қолдануға, физикалық ауырлықтарды оңтайлы көтеруге, жауынгерлік істің жүйке-психикалық қысымдары мен икемсіз, жағымсыз факторларына физикалық дайындығын қамтамасыз етеді. Бұл мақсатта бай материалдық база қарастырылған. Арнайы залдарымен әдемі спорттық комплексі (гимнастика, ауыр атлетика, қоянқолтық ұрыс, спорт ойындары, жүзу бассейні және т.б.), стадион және басқа да спорттық құрал-жабдықтар толығымен қамтамасыз етілген. Спорттың әр түрлерінен әрдайым спорттық секциялар қызмет істейді.
Кәсіби тәсілдерді жақсартумен қатар институтта курсанттардың демалысын ұйымдастыру, бос уақытын тиімді пайдалану кеңінен қарастырылған. Атап айтар болсақ, көркем-өнер ісі, хореографиялық билеу, ұлттық аспаптар, вокалды-аспаптық ансамбль арнайы жұмыс істейді.  Курсанттардың соғыс және еңбек ардагерлерімен, Қарулы Күштердің жоғары командалық құрамымен, мәдениет пен өнердің атақты тұлғаларымен жиі кездесу кештері ұйымдастырылады. Мәдени демалыстар мен экскурсиялар, тақырыптық кештер мен демалу кештерін қызықты әрі ойдағыдай өткізу жұмыстары да қолға алынған. Сонымен қатар Алматы қаласында ұйымдастырылатын қалалық көптеген іс-шараларға курсанттарымыз қатысуда. Осы іс-шаралар қазақстандық патриотизмді, достық пен жолдастыққа бағытталған офицерлердің интеллекуалды және эстетикалық дамуына көмектеседі. Олардың басты сапасы – жоғары теориялық дайындық, жауынгерлік техниканы және қару-жарақты мығым білу, адамдармен жұмыс істеуі, әскери міндетті терең түсінуі мен оны соңына дейін атқаруы.
Әскери оқу орны ашылғалы бері 17 мыңнан астам  білікті де білімді мамандар білім алды. Олардың 400-ден астам түлегі өзінің әскери міндетін Ауғанстанда және басқа да ыстық аймақтарда атқарған, Тәжікстан мен Ирактағы бейбітшілік операцияларына қатысқан, сол үшін жоғары үкіметтік марапаттарға ие болған.  Көрсеткен жігерліктері мен батыр сапасы үшін үш офицер              А. Е. Шахворостов (қайтыс болғаннан кейін), Н. М. Акрамов және С. Н. Гущин Кеңес одағының Батыры шеніне ие болды. Ал Көгершін жұлдыз торындағы ғалымдармен ашылған жұлдыз лейтенант Олег Чивильевтың атымен аталды. 2008 жылы Қазақстан Республикасының Президентімен «Халық қаһарманы» жоғары шені генерал-лейтенант Б. Е. Ертаевқа яғни, осы ӘОО-ның түлегіне берілген. Қазіргі институттың курсанттары, командирлер мен оқытушылардың шегі заңды түрде өздерінің алдағы үлгілі офицерлерінің салттары мен ерең еңбектерін мақтан тұтады.  
Институттың курсанттары халықаралық бейбітшілік оқуларға Қазақстан аумағында да, оның тысқары аумақтарында қатысқан. Олар өзінің қызығушылықтарын ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, бейбітшілік үшін жоғары және даңқты мақсатын орындауға дайындығын көрсетті. Институттқа келген Ресей, Қытай, АҚШ-тың әскери делегациялары профессорлық-оқытушы құрамның, курсанттардың кәсіби дайындығын жоғары бағалаған.
Міне, біз жоғарыда атаған институттың бүгінгі келбеті көпшілікті қызықтырады деген ойдамыз. Себебі, Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары осындай биік белестерді бағындырып, асқаралы асуларға қол жеткіздік. Бұл – Елбасының біздің оқу орынына айтарлықтай көңіл бөлгенінің нәтижесі екені анық. Біз де өз тарапымыздан ел дамуына, Тәуелсіздіктің Көк Туының көкте мәңгі желбіреп тұруына бір кісідей атсалысатын боламыз. Дәл осы тақырыпты тұғырлы мереке қарсаңында қағаз бетіне түсіріп отыруымыздың да өзіндік мәні мен маңызы бар. Өйткені, біз Тәуелсіздік арқылы ұлт болашағы жолында еңбек ететін мықты ұландарды ел ертеңі үшін білікті де білімді етіп дайындаймыз. Олар да байтақ әрі бейбіт елдің ертеңі үшін Отан алдында адал қызмет ететін болады.
Ел алдындағы, өркениет алдындағы аса жауапты міндетті Елбасы абыроймен орындады. Сондықтан да біз Ұлт Көшбасшысының үкілеген үмітін ақтауымыз керек. Демек осы Елбасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұстанған  саясаттың арқасында егемен еліміз еңселі болсын десек біз өскелең   жас ұрпақ   болашағымыздың дамуына үлес қосып Тәуелсіздігіміздің тұғырын биікке көтерейік.

Капитан Лимара Ақбергенова
Құрлық әскерлері Әскери институты
баспасөз қызметінің бастығы

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства