Ұлттық қорғаныс университетінде Малайзия мен Қазақстанның екіжақты әскери ынтымақтастығы мәселелері талқыланды Сапар барысында Қазақстан Республикасындағы Малайзия елшісі Ұлттық қорғаныс университетінің оқу-материалдық базасы, құрылымы және зертханаларымен танысты.
Кездесу барысында тараптар екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелері мен оларды дамыту жөніндегі болашақ бағыттарды талқылады. Сапар аяқталысымен Қазақстан Республикасындағы Малайзия елшісі жылы қабақ танытқанына алғыс білдіріп, әскери кадрларды даярлау жүйесіне жоғары баға берді.