Мінсіз қызметтері үшін берілді

44736 әскери бөлімінің плацында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналып салтанатты шара ұйымдастырылды.

Жеке құрамның алдында бөлім командирі подполковник Сәбит Әзірбайұлы Үркінбаев сөз сөйлеп, 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған Заң – еліміздің егемендігін қамтамасыз еткен маңызды құжат екенін жеткізді. Егемен еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту жолындағы қызметте адал болуға шақырды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 26 жылдығына  орай лауазымдық міндеттерін адал орындағаны, қызметтегі жетістігі мен ынта-жігері және үлгілі әскери тәртібі үшін бір топ әскери қызметші мақтау грамотасымен марапатталды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 2017 оқу жылында «Тасымалданатын байланыс құралдарын сақтауға арналған үздік бөлме» сайысының жеңімпаздарына вымпел табыс етілді. Кіші сержант Ерлан Қадырғожин, кіші сержант Әділет Сүлейменов, аға лейтенант Нойруз Алиев «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының грамотасын алды. II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалін майор Думан Біләлов, майор Нұрлан Кәріпбаев, майор Павел Погорелов, 3-ші сынып сержанты Қанат Косетов, 3-ші сынып сержанты Сағат Кожкин, 3-ші сынып сержанты Дастан Азубаев, сержант Юлия Лобанова, сержант Серік Бекібаев, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалін майор Ардақ Ибраев, капитан Асан Нұрғалиев, капитан Берік Бохаев, капитан Есбол Оспанов, капитан Бауыржан Тошаев, аға лейтенант Әсет Рахымжанов, 2-ші сынып сержанты Талант Мамырбаев, 2-ші сынып сержанты Мәди Молдаханов, аға сержант Дастан Атамбаев, 3-ші сынып сержанты Нұртас Жәлелов, аға сержант Ержан Қайырбек, сержант Қанатбек Жанабаев, кіші сержант Айдын Алғалиев, ефрейтор Сұңқар Жұматаев, ефрейтор Ольга Ханова иеленді. «Шығыс» өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бұйрығымен бірқатар әскери қызметші ««Шығыс» өңірлік қолбасшылығына 25 жыл» мерекелік медалімен де марапатталды.  

Алуа ИСКАКОВА
Суретті түсірген автор  

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"