Курсанттар жауынгерлік атысты орындады

Құрлық әскерлері әскери институтының оқу-жаттығу орталығында ұрысқа барынша жақындатылған жағдайда бөлімшелердің далалық ептілігі мен жинақылығын жетілдіру мақсатында 2-курс курсанттарымен взводтардың жауынгерлік атыстары ұйымдастырылған болатын

Институттың оқу-жаттығу орталығында жауынгерлік атысты жүргізу үшін барлық қару түрінен: жердегі, әуедегі нысаналарға, жеке қорғаныс заттарын пайдалану арқылы жеке нысаналарға атуды жүргізу, түнгі көру құрылғыларын пайдалана отырып түнгі атысты жүргізу, сондай-ақ гранат лақтыруды қарастыра отырып, атысқа жағдай жасалған болатын. Бұл сабақтар тактикалық даярлық, взводтың шабуылы және қорғанысы кезіндегі іс-қимыл, күндізгі және түнгі іс-қимыл тақырыптары бойынша жүргізілді. Взводтардың жауынгерлік атыстарын жүргізу кезінде тактикалық  дұрыс іс-қимыл, ұрыста қаруды ептілікпен және тиімді қолдана білу, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау назарға алынды. «Жеке құраммен жауынгерлік атысты жүргізу кезеңінің алдында 10 оқу-жаттығу жерлеріне жоспарланған әдістемелік нұсқау беру сабақтары өткізілді. Взводтардың жауынгерлік атысы кезінде курсанттар взводтарды басқару және взводтардың ұрыстағы қорғанысы мен шабуылын жүргізу кезінде атыстан жақсы тәжірибе жинақтады», - деп Құрлық әскерлері әскери иснтитуты тактика кафедрасының аға оқытушысы полковник Арман Тәтібаев атап өтті. Жоғары әскери оқу орындарының ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының қарамағына өткен сәтінен бастап болашақ офицерлердің практикалық жауынгерлік даярлығы айтарлықтай өзгергенін айта кеткен жөн.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"