Командалық-штабтық оқу-жаттығу

Маңғыстау облысының аумағында қыркүйектің 17-28 аралығында өтетін ҚР Қарулы Күштерінің стратегиялық командалы-штабтық «Батыс- 2018» жаттығуына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 54770 әскери бөлімінің жеке құрамы да қатысады.

   Стратегиялық командалы-штабтық «Батыс- 2018» жаттығуына Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің, арнайы операциялар күштерінің, материалды-техникалық қамтамасыз ету және арнайы әскердің әскери бөлімдері мен құрылымдары тартылып отыр. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының инженерлік-сапер полкі өз міндетін орындауға тамыздың 31-і күні кірісіп кетті. Жеке құрам жаттығуға қатысушылардың темір жол көлігіне қару-жарақ пен техниканы тиеу және түсіру станциясынан жаттығу алаңына дейінгі кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Әрі әскердің бір жерден екінші жерге жылжу бағытын дайындау, жару жұмыстарын өндіру, фортификациялық және шекараны жабдықтау, сондай-ақ, электроэнергетикалық және сумен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқарады.

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 54770 әскери бөлімінің жауынгерлері дабыл бойынша жауынгерлік әзірлікке келтіріліп, маршты жүзеге асырды. 3000 шақырымнан астам тереңдікте техниканы да тасымалдады.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"