Көрсеткіш көңіл көншітеді

Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік жаттығу жоспарына сәйкес еліміздің әскери бөлімдерінде жасалған ауқымды  тексерістің қорытындысы шығарылды.

Жалпы, мұндай тексеріс әскери құрылымдар мен тектерінде жауынгерлік әзірлік пен қауіпсіздік деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Бастысы, қысқы оқу жаттығуға тиісті баға беруге жол ашты. Тексеріс барысында жеке құрамның біліктілігі, жауынгерлік жаттығудың шынайы қалпы, взвод, батальон жетекшіліерінің біліктілік қабілеті таразыға салынды. Осы жағдайларды сараптау мақсатында бақылау тексерісі 2000-нан астам әскери құрылымдарда, оның ішінде 1200-ден астам взвод пен 600-дей рота мен батереяда жүргізілді. Тексеріске арналған жаттығулар кезінде взводтардың 300-ден астам атыс, ал роталардың тактикалық жаттығулары өткізілді. Осы мақсатқа 1500-ден астам әскери техника тартылған.

Тексеріс қорытындысы еліміздің әскери құрылымдарында жауынгерлік әзірлік пен әскерилердің біліктілік деңгейін анағұрлым артқанын байқатты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"