Көрмемен енген қос жоба

Көрмемен енген қос жоба

Биыл жаз бойы Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдағанынан хабардармыз. Осы жоба аясында «жасыл» экономика бағытында тың шаралар қолға алынып, бірегей шаруалар атқарылды. Олар жөнінде түрлі жиын-басқосуларда кеңінен айтылуда. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында Орта Азияда баламасы жоқ, алғашқы қуаты 0,5 мегаватты құрайтын «Биогаз қондырғылар кешені» іске қосылды.

Қазақстандағы бірегей жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен қабылданған «Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын» орындау мақсатында іске асырылып отыр. Кешеннің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл жоба ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысынан ұсынылып көрсетілгенін атап өтті.
«Қондырғылар кешенінде халықаралық көрмесінде ұсынылған Чехиялық «HEDVIGA GROUP» компаниясының жаңа технологиялары қолданылды. Технологияның ерекшелігі қаланың сарқынды суларды тазалау ғимаратынан шыққан шөгінділерді өңдеп, одан биогаз алып қолдану арқылы, жылу және электр энергияларын өндіру болып табылады. Нәтижесінде бұл технология сыртқы ортаның ластануын едәуір төмендетіп экологияны жақсартуға үлкен үлес қосады.
Жалпы облыста жаңғырмалы энергия көздері саласын дамыту басты назарға алынған. Мысалы, жалпы қуаты 183,9 мегаватт болатын 14 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде оның 4 жобасы жүзеге асырылды», деді әкім.
Инициаторы «Су ресурстары - маркетинг» ЖШС болып табылатын жобаның құны – 2 млрд 200 млн теңге. Технологиялық процеске сәйкес қондырғы қалдықтарды өңдеу арқылы тәулігіне 300 текше метр метанды газды (биогаз) өндіреді. Мұнда тұрақты жұмыс орнымен 20 адам қамтылып отыр. Сонымен қатар, өндірілген энергия кәсіпорынның жылу энергиясына қажеттілігін толығымен, ал электр энергиясына қажеттілігінің 50 пайызын жабатын болады.
***
Арқалықта «ақылды» қала жүйесінің элементтері енгізілмек. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Сейітбек Қуанышбаевтың айтуынша, ондағы баламалы қуат көзін ендірудің алғашқы тәжірибелері – «Алюминстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қуаттылығы 3,5 кВт жел генераторлары мен күн батареяларын қолдану. Институт ЭКСПО-2017 көрмесінің алдындағы бірқатар іс-шараларға қатысқан. Институттың студенттері мен оқытушылары көрме тақырыптарына қатысты мәселелерге зерттеулер жүргізді. Зерттеу нәтижелері бойынша 15-тен аса ғылыми жұмыстар жарияланып, бір ғылыми жоба орындалды.
«Бір мамандық – бір инновациялық аудитория» қағидаты бойынша оқу үрдісін ресурстық жабдықтауды дамытуға бағытталған институт жобаның аясында материалдық-техникалық базаны жаңғырту жұмыстарын бастады.   Алғашқы қадамдардың бірі ретінде физика және информатика мамандықтарының студенттеріне арналған «Роботты техника» оқу зертханасының сатып алынуы болды. 2018 жылы ЭКСПО-2017 көрмесінде Украина мемлекеті ұсынған зертханаларды автономды электрмен қамтамасыз етуге арналған энергиясын электр энергиясына айналдыратын, терезенің темір пердешелеріне фотоэлектрлі элементтерді монтаждайтын «Solar gaps» жүйесін сатып алуды жоспарлаудамыз», деді Сейітбек Қуанышбаев.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги "KADEX - 2018"

Итоги "KADEX - 2018"