Көрме «Отан үшін қызмет еткен» деп аталды

Әскери-тарихи мұражайда ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтің жетекшілік етуімен тәуелсіз Қазақстанның көрнекті әскери қолбасшысы, ҚР ҚК Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы генерал-лейтенант Мәлік Мұхамеджанұлы Сапаровтың 60 жылдығына арналған «Отан үшін қызмет еткен» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Әскери қызметтің қысқа мерзімі ішінде Мәлік Мұхамеджанұлы тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінде бірге қызмет еткен, құрған, оқыған жандардың баршасының жүрек түкпірінде із қалдырып, взвод командирінен бастап ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығына дейінгі кәсіби сара жолдан өтті. Генералдың ерен еңбек қабілеттілігі, еркі мен таң қалдыратын түйсігі мемлекеттің әскери құрамдасының дамуының келешегін айқындады. Генерал-лейтенант Сапаров өзінің белсенді қызметі барысында қазақстандық армияны дамыту бойынша ең күрделі жоспарларға сүбелі үлес қосты. Дарынды әскери қолбасшының мерейтойына мұражай стендіне нағыз жәдігерлер, яғни, сирек кездесетін мұрағаттық фотосуреттер, танымал генералдың өмірі мен әскери мансабынан наградалар қойылды. «Отан үшін қызмет еткен» атты көрме 2018 жылғы қазанның соңына дейін барлық ниет білдіргендер үшін ашық болады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"