Көп көңілінен шыққан құжат

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары ғана емес, сондай-ақ болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын басты жол екендігі айдан анық. Өткенге шегініс жасап көрелікші, алғашқы жаңғыру еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы қиын-қыстау кезеңдерімен тұспа-тұс келді. Уақытша тоқырау жылдары кімнің де болса, есінде. Десе де, халқымыздың төзімдіоігінің, Президентіміздің көреген саясатының арқасында сол жылдары жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға батыл қадам жасалып, аз шығынмен зор жетістіктерге қол жеткіздік.

Енді екінші жаңғыру тұсын ойға оралтыңыз, елордамыз жайқалған Жетісудың төрінен Арқаның беліндегі Астанаға көшіріліп, бағытымызды бағдарлаған «Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданды. Бұл жылдары да мемлекетіміз ауыз толтырып айтарлықтай елеулі табыстарға қол жеткізіп, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енді.
Орайы келгенде айта кетсек, сол ұзақ жылғы Стратегияда мынадай жолдар бар: «Әскери қақтығыстардың жосықсыз екенін әлемнін, ұғынғанына зор сенім артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкіметтердің уәдесіне сеніп қана қоймай, өз елініқ қуатына да сүйенетінін ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан Қарулы Күштеріміздің құрылысы мен жаңартылуына, олардың кәсіби даярлығы мен жауынгерлік әзірлігінің деңгейіне және оларды қарудың осы заманғы құралдарымен жарақтандыруға зор басымдық берілетіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасының қазіргі кезге сай әрі тиімді армиясын, әскери әуе және әскери теңіз күштерін құру үшін бізге материалдық бөлімді, жеке құрамды және оны оқыту жөніндегі жұмысты нығайту керек. Мұның өзі Қарулы Күштерге бөлінген және бұдан былай да бөлінетін бюджет қаражатын үнемді және тиімді жұмсауды тұрақты түрде талап етеді. Бұған қоса аймақтық қорғаныс жүгін бөлісу үшін еліміз өз көршілерімен ынтымақтасатын болады». ешқандай түсініктеменің қажеті жоқ, айқын, нақты, дәл.
Үшінші жаңғыруға оралсақ, ондағы бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Сөз жоқ, бұл бастама, қарқынды дамуға жол бастады. Соның негізінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қабылдау тапсырылып, 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру, әскери сала істерінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту жүйесін енгізудің басымдықтары ескерілді. Бұл заман талабына сәйкес, жаһанданудың жарқын үлгісі болып, мекемелердегі жұмыс барысын жеделдетумен қатар, сапасын арттыруға арналады.
Президент екінші басымдықта өндіріс салаларындағы экспорттық өнімдерді арттыру мәселесін қозғаған еді. Яғни 2025 жылға қарай экспорттық шикізаттық емес өнімді 25 пайызға арттыру мақсаты алға қойылып, импорттық заттардың пайыздық мөлшерлемесін төмендету арқылы дүниежүзілік саудаға кешенді үлес қосуды меңзеп, жұмыс орындарын көбейтуді қолға алудың маңызы жайында айтты.
Үшінші маңызды межеге тау-кен, мұнай-газ кешендерінің жұмысын жандандыруды қойып, шикізатты қорыту, оның экономиканың өрлеуіне тигізер септігін молайту туралы тұшымды тапсырмалар берілген. Сондай-ақ жылдың соңына қарай Жер қойнауы туралы арнайы заң қабылдауды қатаң тапсырды. Әрине, табиғи байлыққа бай Қазақстанның жер кеніштерін игілікпен игеру мемлекетіміздің даму жолын айқындап, бірыңғай қалыпқа салып, көздеген мақсаттарға жетуге игі әсер етсе керек.
Аграрлық секторды экономиканың жаңа драйверіне айналдыру жөніндегі нақты қадамдар бүгінде ауылшаруашылық саласы мамандарының арасында қызу талқыға салынып, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілерінің біріне айналуы тиіс. Ол үшін Мемлекет басшысы тапсырмасымен «Made in Kazakhstan» брендімен экологиялық таза өнімдер шығару мақсатында жер-жерлерде көрмелер ұйымдастырылып, таза өнім сапасын арттыру қолға алынуда. Нәтижесі көңіл қызықтырады, отандық тауарлардың саны артып, түрлі зауыт-фабрикалардың, цехтардың ірге қалап, ел игілігіне жарап жатқанына куәміз.
Жолдауда адами капитал сапасын жақсарту басымдығы атап көрсетілген болатын. Мұнда білімнің сапасын арттыру және қала мен ауылдың білім беру жүйесі алшақтығын болдырмау туралы мәселе қозғалады. Әлемдегі ақпараттың 90 пайызы ағылшын тілінде тарайтындықтан, жоғары сыныптарда барлық негізгі пәндерді ағылшын тіліне ауыстырудың мәні мен маңызы туралы терең түсіндіріледі.
Сондай-ақ Жолдауға сәйкес арнайы білім алмаған ересектерге кәсіптік тегін білім беру мүмкіндігі жасалуда. Әрине, оны пайдалану әр азаматтың өз құзырында екендігі белгілі. Демек, жұмыссыз қалған азаматтарға қосымша тегін білім алу арқылы жаңа мамандық игеруге жол ашылады деген сөз. Бұл да шағын және орта бизнестің кең етек жаюына ықппал етіп, жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына алып келеді. Өйткені, кәсіптік техниканы меңгергісі келетін қандастарымыздың қатары ай санап, жыл санап арта түсуде.
Иә, Елбасының әр жылғы Жолдаулары – мемлекетіміздің болашаққа қарай бағытының түзу болуына негізделген негізгі нұсқаушы құжат. Ал ондағы тапсырмалар әр азаматтың келешегінің кемел де жарқын болуына барлық мүмкіндіктерді тудыратыны айқын. Өйткені, ол біздің жыл сайынғы қадамымызды нақтылап, бағытымызды айқындады. Тіпті, 2030 жылға дейінгі даму жолымыз алақандағыдай көрсетілген. Тек жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың үдесінен шығып, орындалуына септессек, болғаны.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"