Көк туды биікте ұстаймыз

Матыбұлақ полигонында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің тарихында өтетін ең ауқымды Жауынгерлік парадқа Құрлық әскерлерінің Әскери институтының 3 курс курсанттары да қатысады.  

Осы парадқа қатысушы Құрлық әскерлерінің әскери институтының курсанты кіші сержант Жаслан Икимов: «Биылғы Жауынгерлік парадқа қатысатыныма өте қуаныштымын. Осы жылғы жауынгерлік шеру көпшіліктің көзайымына айналып, әскери және ұрыс техникасының тамаша көрінісін көрсетеді. Еліміздің әскер құрамы өздерінің жауынгерлік дайындығымен қалың елді тамсандырады. Ол әрине – бүкіл Қарулы Күштердің көрсеткен ерлігі. Сол әскерлердің құрамындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының үлесі қомақты», - дейді.

Құрлық әскерлерінің Әскери институты офицер кадрларын дайындайтын оқу орындарының бірі және бірегейі. Алдағы жауынгерлік шеруінде біздің институттың курсанттары өздерін өте жоғарғы деңгейде көрсетеді, аптық дайындық пен әскери тәртіптің үлгісін айқындайды, көпшіліктің қошеметіне бөленеді деп ойлаймын.

Құрлық әскерлерінің Әскери институтының курсанттары арқашан аспан түстес желбіріген көк туымызды, әр уақытта биікте ұстауға дайын.

 

Аида БЕКТУРОВА

ҚӘӘИ баспасөз қызметі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"