Киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды

Жақында Алматы қаласында киберқауіпсіздіктің тәжірибелік сұрақтарына арналған «Kaz’Hack’Stan» жыл сайынғы конференциясы өтті.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы» ЗТБ-мен (КШТТО) киберқауіпсіздіктің тәжірибелік сұрақтарына арналған «Kaz’Hack’Stan» жыл сайынғы конференциясы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның ашылу рәсімінде ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Абдикаликов сөз сөйледі.

Конференцияға ел өңірлерінен және шетел мемлекеттерінен 1000-нан аса адам қатысты. Олар – хакерлер, АҚ сарапшылары, IT-әзірлеушілер, мемлекеттік органдардың, БАҚ өкілдері, бизнесмендер.

Бұдан басқа «Халықаралық бағадарламалар орталығы» АҚ өкілі конференция қатысушыларына киберқауіпсіздік бағыты бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын жеткізді.

Конференция форматы АҚ саласындағы жетекші әлем мамандарының тәжірибелі баяндамаларына, сондай-ақ іске асыруға максималды нақты жақындалған инфрақұрылым модельдері мен оларға шабуылдарды зерттеу мүмкіндігімен түрлі бағыттар бойынша стендтер жұмысына басты назар аударып жасалған.

«Corporate zone» секциясы барысында Р.К. Абдикаликов конференция қатысушыларын ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өткізілген жұмыс бойынша, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарын ұйымдастыру тәсілдері бойынша хабардар етті.

Сондай-ақ баяндамашылардың қатарында Cisco (АҚШ), Windows (АҚШ), Positive Technologies (Ресей), Yandex (Ресей), Rambler (Ресей), MAIL.RU (Ресей), Avalanche (Ресей), Deteact (Ресей), MER Group (Израиль), PUSHRET (Чехия-Украина), «PACIFKA» (Қазақстан), «ҰАТ» АҚ және «Мемлекеттік техникалық қызметі» РМК өкілдері және басқалары сөз сөйледі.

 

 

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі

                                                                  министрлігінің баспасөз қызметі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"