Астанада ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Николя Бруссо мырзамен хаттамалық кездесуі өтті.
Бұл кездесуде тараптар қорғаныс саласындағы екіжақты өзара іс-қимыл, оның ішінде, Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік әлеуетін кеңейту шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін дамыту перспективаларын талқылады.