Кәсіптік стандарт жобасы мақұлданды

ҚР ҚАӨМ  Салалық кеңесімен «Ақпараттық инфрақұрылым және ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі жөніндегі кәсіби мамандар» кәсіптік стандарт жобасы мақұлданды.

2017 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары А.Жұмағалиевтің тапсырмасына бойынша «Ақпараттық инфрақұрылым және ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі жөніндегі кәсіби мамандар» кәсіптік стандарт жобасын әзірлеу жүргізілді.

Кәсіптік стандартты «Фактор» Жүйелік зерттеулер корпорациясы» ЖШС ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-мен бірлесе әзірледі. Аталған жұмыстың үйлестірушісі Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті болды.

Жоба мынадай бес мамандық бойынша еңбек функцияларының, біліктілік пен білім сипаттамасын қамтиды:

-         Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі әкімші;

-         Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аудитор;

-         Ақпаратты қорғау жөніндегі инженер;

-         Сервистердің қауіпсіздігі жөніндегі маман;

-         Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман.

Жұмыс берушілерге кәсіптік стандарт жұмысшылардың біліктілігіне және кәсіби қызмет құрамына талаптар әзірлеу үшін қажет.

Кәсіптік стандарт негізінде жоғары және арнайы орта білім беру орындары «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуде.

Ағымдағы жылғы 4 маусымда бастапкәсіптік стандарт Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Салалық кеңесімен мақұлданды. Одан кейін «Атамекен» ҰКП-ға бекітілуге енгізіледі.

Бекітілу мерзімі шілде айының соңына дейін күтіледі.

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"