Кәнігі мамандардың ұстаханасы

Біз бүгінгі репортажымызды Қазақ гуманитарлық заң университетінің әскери кафедрасынан жалғастыратын боламыз. Елімізде заңды тереңдетіп оқытумен ерекшеленетін бұл оқу орнының әскери кафедрасында нендей ерекшелік бар екен, соны білмекке бет алдық.

Кафедра тарихы

«ҚАЗГЗУ Университеті» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Әскери кафедра Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 412 қаулысымен 1997 жылы 25 наурызда Алматы қаласында запастағы офицерлерді әскери даярлау бағдарламасы бойынша құрылған. 20 жылдық тарихы бар әскери кафедра «Тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық (идеологиялық) жұмыс», «Арнайы үгіттеуді ұйымдастыру», «Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру» және «Заңгер кеңесшінің жұмысы» мамандықтары бойынша запастағы офицерлерді даярлаумен айналысады.
Бүгінгі таңда бұл оқу орнында 394 студент әскери дайындық бойынша білім алуда. Бір айта керелігі кафедрада тек қана «ҚАЗГЗУ Университеті» АҚ-ның студенттері ғана емес, Қаржы академиясының және Қазақ техникалық және бизнес университетінің де студенттері келіп оқуда.
Әскери кафедраны II дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған, қызмет өткерген жылдары үшін 12 мерейтойлық медалі бар запастағы полковник Амангелді Ибраев басқарады.

Оқу барысы
Кафедра жақында өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы 20 жыл ішінде ҚАЗГЗУ-дың әскери кафедрасы Қазақстанның Қарулы Күштері үшін 5000-нан аса офицер мен запастағы 3000 сержантты дайындап шығарды. Мұнда дайындалған әскери мамандардың біршамасы өздерінің өмірлерін әскери қызметпен байланыстырып, қазіргі уақытта қазақстандық армия қатарында әскери міндеттерін атқарып жүр.
Әскери кафедра жылдан жылға жан-жақты дамып келеді. Соның бірі кафедрада 2015 жылдан бастап жаңа әскери мамандықтар енгізіліп, алғаш рет қыздарды да әскери даярлау мүмкіндігі қарастырылды. Олар «Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру» және «Заңгер кеңесшінің жұмысы» мамандықтары бойынша даярлықтан өтеді.
«Студент қыздардың көпшілігі өз өмірін әрі қарай Қарулы Күштердің қызметінде жалғастыруды қалайды. Сондай-ақ, олар өздеріне берілген тапсырманың барлығын сәтті орындап, қазірдің өзінде жұмысқа дайын жүр», дейді әскери кафедра бастығының орынбасары Қайрат Байназаров
Студенттерге практикалық әскери және педагогикалық тәжірибелері мол оқытушылар, еліміздің Қарулы Күштерінде қызмет атқарған, мемлекеттік наградаларға ие болған, сондай-ақ, жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан офицерлер сабақ береді. Университет басшылығының қолдауымен әскери кафедраның инфрақұрылымы заманауи техникалық талаптарға сай материалдық-техникалық базасы үнемі жетілдіріліп келеді.
Кез-келген білім ордасының негізгі базасы ол ¬– кітапхана. Бұл жағынан алып қарағанда біз танысқан КАЗГЗУ-дің әскери кафедрасы да өзінің бай кітапханасымен мақтана алатындай деңгейде екен.
«Кафедрада алғашқы ашылған күнінен бастап әскери-ғылыми жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударылған. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамымен отыздан аса оқулықтар, оқу құралдары және студенттерді әскери даярлау бойынша анықтамалар әзірленді. Оның ішінде майор А.Кемелхановтың авторлығымен «Әскери құқық», «Әскери қызметке қарсы қылмыстар» және «Әскери құқық» оқу құралы дайындалды. Сонымен қатар, полковниктер М.Жаксыгелдинов, М.Шушбаев, Б.Гавриленко және подполковник А.Сергеев тактикалық және жалпы әскери даярлық бойынша бірқатар оқу құралдарын әзірледі. В.Колесников, А.Ибраев, А.Белозеров, Г.Алдамжаров секілді полковниктер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік құралдар әзірледі», дейді кітапханашы Әсел Қалжанқызы.

Кафедра мақтанышы
«Халық қаһарманы» Азамат Жұмаділов КАЗГЗУ Университетінің Әскери кафедрасының түлегі. Ол бүгінде Әскери кафедраның ерекше мақтаныш тұтар азаматы. Кафедра ұстаздары әрбір студентке оның ерлігін, еңбегін үлгі қылып айтып отырады.
Азамат Жұмаділов 2005 жылы КАЗГЗУ Университетінің әскери дайындық курсын тәмәмдаған. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекет алдындағы еңбегі, әскери борышты мінсіз орындағаны, ерлігі мен жанкештілігі үшін әскери бөлімнің аға лейтенантына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталып, «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Азамат Жұмаділовтің суреті мен еңбек жолы каферанда қабырғасында ілулі тұр. Ол осында оқып жүрген студенттердің де арманына қанат бітіріп жүргені анық.  

Әскери-патриоттық тәрбие
Кафедраның студенттері жыл сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Айбын», еліміздің жоғары оқу орындарының әскери кафедралары студенттерінің арасындағы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары –   Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының жүлдесі үшін байқау-конкурсына қатысады.
Одан бөлек, кафедра студенттерінің белсенді қатысуымен Ұлы Отан соғысының, Қарулы Күштердің ардагерлерімен, жауынгерлік ұрыстарға қатысушылармен және бүгінгі күннің батырларымен көптеген кездесулер мен іс-шаралар өткізіледі.
Тағы бір айта кетерлік дүние, жылсайынғы дәстүрге айналған «Қайсарлы жігіттер» әскери-спорттық  ойындары және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Әнім саған, Қазақстан!» әскери-патриоттық әндер фестивальі көпшіліке кеңінен танымал болып қалған жобалар. Осындай шаралардың арқасында бұл кафедра шын мәнінде университеттің жастарын әскери-патриоттық тәрбиелеудің орталығына айналды деуге болатындай.

Олжас СӘНДІБЕК
Суреттерді түсірген Ағыбай АЯПБЕРГЕН


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"