Кадеттер көрсетілімі көптің көңілінен шықты

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып отырған көптеген шаралардың көркі – кадеттер. Камуфляж киіп, жаңғырған дабыл дауысымен жарыса  әдемі сап түзеп кетіп бара жатқан жасөспірімдерді көргенде жаның сүйсінеді.

Жақында Отан қорғаушылар монументі алаңында Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастырумен кадеттік сыныптардың көрсетілімі болды. Кадеттер салтанатты жиындарда саппен жүру, тумен жүру сынды көрсетілім дайындықтарын тағы бір пысықтап алды. Сондай-ақ, кадеттердің 2017-2018 жылғы жұмысына қорытынды жасалып, үздік кадеттік сыныптар, үздік кадеттер анықталып, олар және ата-аналар ұжымы ҚР Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығының орынбасары, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық орталығының төрағасы генерал М.Таласовтың және Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің атынан алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтқанда, 1-орын Астана қаласының №25, 2-орын №22, 3-орын №63 мектептерінің кадеттеріне бұйырды. Сондай-ақ, жыл бойы үздік нәтиже көрсетіп, «жүзден жүйрік» шыққан № 25, №74, №61, №13, №50 мектептің 5 үздік кадетінің де аттары аталып, марапатталды.

Кадеттік мектептерге материалдық қолдау білдіріп, балаларына арнайы киім тігіп беруге қолдау көрсеткен ата-аналар ұжымы мен қоғамдық қорлар да марапаттаудан шет қалмады. Айта кетейік, бүгінгі таңда Астананың 20 мектебінің жанынан 30 кадеттер сыныбы ашылған. Бұл сыныптарда 650 кадет білім алады. Қорғаныс министрлігінің, мемлекеттік органдар мен жалпы білім беру мектептерінің ұйытқы болуымен ашылған мұндай мектептердің жастардың тәрбиесінде атқарар рөлі зор. Спортқа бейім, әскери машықтың алғашқы әліппесін таныған, жинақы да сергек, темірдей тәртіпке тәрбиеленген, рух-жігері мықты ұрпақ – ата-ананың да, мектептің де, қоғамның да мақтанышы, мемлекеттің кемел болашағы.

«Мұндай жастарды тәрбиелеу, олардың арасында кадеттік хор, кадеттік вальс, қару-жарақпен саптық даярлық, қару-жарақпен дефиле сынды сайыстарды үнемі өткізіп, жарыс ұйымдастырып тұру – бұл жасөспірімдерді шыңдайды. Осындай шыңдалудан өткен бала, біріншіден тәрбиелі, екіншіден денсаулығы мығым, үшіншіден бәсекеге қабілетті дайын әскери маман, төртіншіден өз елінің патриоты болып шығады. Қазір олардың білімі де, тәртібі де бір ізге түскен. Ата-аналары да разы. Міне, бұл кадеттік сыныптарды ашудағы тағы бір жетістігіміз», - дейді «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының және алғашқы әскери дайындық пәнінің әдіскері Сергей Шарыпов.

Еліміз көлеміндегі түрлі ресми шараларда өнерлерін көрсетіп жүрген кадеттік жасөспірімдердің өнерлеріне шетелдіктер де тәнті бола бастады. 1-ші маусым Балаларды қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылған сондай бір Қытай елшілігі қатысқан шарада Қытай тарапы кадеттердің көрсетіліміне қызығушылық танытып, тәжірибе алмасу мақсатында өз елдеріне де шақырған.

                                                                                                Меруерт Сафаева

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"