"Кадекс-2018" халықаралық қару-жарақ көрмесі Елбасының қатысуымен ресми ашылды

Елбасы V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларға арналған сөзінде «KADEX-2018» көрмесі аясында «Қазақстандағы ғарыш күндері» атты халықаралық форумның өтуі биылғы шараның басты ерекшелігі екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті «KADEX-2018» көрмесінің қару-жарақ пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы әлемдік маңызы бар жиынға айналғанын айтты.

– Көрмеге әлемнің 28 елінен 318 компания қатысып отыр. Көрме қонақтары қорғаныс өнеркәсібі кешені және ғарыш саласындағы соңғы жетістіктермен таныса алады. Бұл жолы электрондық жүйе мен байланыс және қару-жарақты басқару жүйесін дамытуға айрықша мән берілді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Қазақстанның тату көршілік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бейбіт саясат жүргізіп отырғанын атап өтті.

– Қорғаныс саласы мен Қарулы Күштердің әлеуетін дамыту – мемлекет басымдықтарының бірі. Орталық Азия бойынша бірегей саналатын «KADEX» халықаралық көрмесі бұл басымдықтарды іске асырудың тиімді құралы болып табылады, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту үшін халықаралық көрмені өткізудің тиімділігіне тоқталды.

– Биыл көрмеге қатысу үшін әлемнің 40 елінен ресми делегациялар мен шетелдік 108 компания басшылары келді. Қол қойылатын іскерлік келісімдер мен шарттар отандық және шетелдік қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары арасындағы халықаралық кооперация мен серіктестікті дамытуға септігін тигізетін болады. Сондай-ақ, бұл инвестиция тартып, жалпы Қазақстан экономикасының экспорттық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттігін арттыруға ықпал етеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Көрменің ашылу рәсімі аяқталғаннан кейін Елбасы «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясының, Ресей мен Қытайдың павильондарын аралап көрді.

Сонымен сәрсенбі күні Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «KADEX-2018» V халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің шымылдығы түрілді. Сол күні Мемлекет басшысымен бірге Қорғаныс министрліктері мен мекеме басшылары көрмені аралап, отандық және шетелдік қорғаныс өнімдерімен танысты.

Төрт күнге созылатын ауқымды шараға бұл жолы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мұрындық болды.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Отандық өнімдер ұсынылады

 

«KADEX» халықаралық көрмесі, бұл – соңғы уақыттағы қазақстандық қорғаныс саласындағы ең ауқымды және сұранысқа ие іс-шара. Көрмеде қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің тың жетістіктері, сондай-ақ әлемдік перспективалық әзірлемелер көрсетіледі.

Екі жылда бір рет өтетін көрме осы уақытқа дейін еліміздің Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен өткізіліп келді. Тұңғыш рет оның шымылдығы 2010 жылы түрілген-ді. Астана қаласындағы Халықаралық әуежайдың әскери секторы аумағында өткен алғашқы «KADEX-2010» көрмесіне әлемнің 20 елінен келген 200-ден астам компания өз өнімдерін көрсетті.

Биыл, міне, осы аумақта бесінші мәрте өткізіліп отырған көрме қатысушыларды құшақ жая қарсы алды. Олардың саны жыл өте келе еселенбесе, азайған жоқ. Мысалы, осы жолғы  «KADEX-2018» көрмесіне Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 28 елінің 318 кәсіпорыны өз өнімдерімен келді.

Сондай-ақ еліміздің отандық қорғаныс кәсіпорындары әдеттегідей, бұл шарадан тысқары қалып көрген жоқ. Мәселен,  биылғы көрмеде отандық 17 кәсіпорын әскери техниканың 57 бірлігі мен әскери азаматтық мақсаттағы 162 бұйымның тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отыр. Соның ішінде, ҚР ҚАӨМ «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы өз өнімдерін көрсететін жеке павильон ұсынады, ол жерде Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жетекші әзірлемелері көрсетілетін болады.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» бұл – жаңа үлгідегі құрышпен қапталған дөңгелекті: «Барыс» түріне жататын 6х6 және 8х8 дөңгелекті формуладағы, сонымен бірге «Арлан» және «Алан»  түріне жататын 4х4 дөңгелекті формуладағы машиналарды ұсынатын «KADEX-2018» көрмесіндегі еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп саласының көшбасшы кәсіпорны.

«Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС электронды-оптикалық өнімдерді өндіретін табысты жоба болып табылады. Оған 2013 жылдан бері ТМД бойынша теңдесі жоқ электронды-оптикалық өнімдер салынды. Зауыт Көрмеге барлау және бақылау құралдары, оптикалық нысаналар, түнде көру құралдары, радиостанциялар сияқты өз өнімдерін қояды.

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының құрамына кіретін «Семей машина жасау зауыты» АҚкөрменің әлеуетті тапсырыс берушілері мен қатысушыларының назарына шынжыр табанды тасымалдау-тартқышын (ШТ-Т)  көрсетеді, ол жоғары өтімділікті негізгі корпусы және алдыңғы жетекті доңғалақтары бар жоғары жылдамдықты жүзу машинасы. Ол машина экологиялылығы, құрылымының қарапайымдылығы, жөндеуге өте жақсы жарамдылығымен ерекшеленеді және құмды жерлерде төмен жүктеме қабілетімен күрделі климаттық жағдайлардағы жұмыстарға пайдалануға арналған.

Қазақстандық «Тыныс» зауыты Көрмеде әлеуетті құрылымға арналған амуницияны, сонымен қатар автокрандар мен арнайы техниканы ұсынады. Кәсіпорын «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы павильонында брондалған жилеттерді, брондалған жүйелерді, жүк түсіргіш жилеттерді, тактикалық белдіктерді, танк шлемофондарын, оқтан қоғайтын дулығаларды, соққыға қарсы қалқандарды қояды.   Бұл тек бірнеше мысал ғана.

Құрышты танк қару-жарақ және техника әуеге қарсы қорғаныс, ату қарулары және басқа да салаларда жобалар бар.  Яғни, отандық кәсіпорындар бүгінгі таңда ҚӨК саласында көптеген жобаларды жүзеге асырып отыр. Бұл Қазақстан қорғаныс өнеркәсібінің жаңа даму деңгейіне шыққанын дәлелдейді.

 

Ғарыш саласына арналған павильон бар

 

Биылғы бесінші халықаралық көрмесінің аумағында жалпы 10 павильон орналасқан. Атап өтсек, Түркия, Қытай және Ресейдің 3 жеке павильоны, қазақстандық «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС, «Қазтехнология» АҚ кәсіпорындарының павильондары бар.

Бұдан бөлек отандық және әлемдік ғарыш жетістіктеріне арналған жеке павильон алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ол әскери-техникалық мүлік көрмесі алаңында №6 павильоны ретінде орналасқан. Бұл «Ғарыш» павильонының жалпы аумағы 1322 шаршы метрді құрайды.

Павильонда әлемнің 8 елінен 14 компанияның экспозициясы ұсынылды. М.Ф. Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйе» АҚ, Хруничев атындағы «Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталық» Федералды мемлекеттік унитарлық кәсіпорын (Ресей), LeicaGeosystems (Швейцария), Antrix Corporation Limited (Индия), ArianeGroup и S.E.R.E.M.E (Франция), THALES ALENIA SPACE (Италия), Ұлы қабырға (ҚХР), «Көпфункционалды пилотсыз кешендер ғылыми-өндірістік орталығы» МК мен «НТЛаб-ИС» (Беларусь), ImageSat International NV (Израиль), Біріккен Араб Әмірліктерінің Ғарыш агенттігі (БАӘ), «Қазақстан GIS орталығы» АҚ мен «Мидивисана инжиниринг» ЖШС (Қазақстан) сияқты бірқатар ксіпорындар өздерінің озық әзірлемелері мен қол жеткізген соңғы жаңалықтарын көрсетті.

Көрме қонақтары мен қатысушылары отандық ғарыш қызметінің жетістіктерімен аумағы 490 шаршы метрді құрайтын Аэроғарыш комитетінің (Қазғарыш) павильонында таныса алады. Оның дизайн авторы – белгілі қазақстандық суретші Серік Буксиков.

Павильонның өзі мынандай негізгі бөліктерден: ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Қазғарыштың және оның бағысты ұйымдарының құрылымын көрсету бөлігінен, ғарыш инфрақұрылымы картасынан, отандық ғарыш өндірісін дамытудың уақытша лентасы мен серіктердің орналасу жүйесінен тұрады. 

Қазғарыштың бағынысты ұйымдарының әрқайсысы өз өнімдерін отандық ғарыш кәсіпорындары туралы қажетті ақпараттық-анықтамалық мәліметтер көрсетілген цилиндр кескініндегі жеке қабырғада қойды. Сонымен бірге павильонда келіссөздер мен кездесулер өткізу үшін жеке бөлмелер де қарастырылған. 

 VR бөлме. Қазғарыш павильонындағы нақты заттармен толыққан аймақта жақын ғарышқа қысқа ұшырылым көрсетілді. Жақын ғарышқа қабаттан 11-ден 50 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан стратосфера жатады.

Сонымен қатар, көрмеге келушілер 2015 жылдың 12 қыркүйегінде еліміздің үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов өзінің 10 күндік ғарышқа сапарынан, яғни, Халықаралық ғарыш стансасынан қазақ даласына сәтті қонған «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінің өзімен таныса алады.

Павильонның орталық бөлігінде «KazEOSat-1», «KazEOSat-2» Жерді қашықтықтан зондтау серіктерінің 2 макеті қойылған.Павильонның барлық аумағында үлкен LED экрандар қойылған, онда қазақстандық ғарыш өндірсі туралы ақпарат көрсетіліп тұрады. Бұдан бөлек, павильонда Қазғарыштың 25 жылдығына арналған пошта маркасы мен  «KADEX - 2018» эмблемасы бар конвертті естелікке алуға болады.

 

Халықаралық форум да өтіп жатыр

 

Сондай-ақ осы күні «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесі шеңберінде «Қазақстандағы ғарыш күндері: Қазғарыштың 25 жылдығы» Халықаралық форумы өз жұмысын бастады.

Іс-шараның мақсаты – экономика саласындағы мәселелерді шешу үшін ғарыш қызметіндегі нәтижелерді қолдану бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ отандық ғарыштық саланың жетістіктерін насихаттау.

Форум өзін отандық және халықаралық қауымдастықтарында ғарыш қызметінің өзекті мәселелерін талқылауға арналған тиімді алаңы ретінде дәлелдеді, оның өткізілуі дәстүрге айналды және 2013 жылдан бастап ол жыл сайын өткізіліп келеді.

Биылғы шараға 500-ден астам ғарыш мекемелері мен мемлекеттік органдардың өкілдері, ғарышкерлер, танымал ғалымдар, әлемнің ғарыш технологиясы саласындағы жетекші компанияларының мамандары қатысуда.

Әлемнің 20-дан астам мемлекеті: Ресей Федерациясы, Франция, Ұлыбритания, Германия, Израиль, Үндістан, Белоруссия, Италия, Испания, Канада, ҚХР, Корея, БАӘ, АҚШ, Жапония, Швейцария және т.б. таныстырылды.

Форум жұмысына ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылығы, ҚР Парламенті депутаттары, отандық және шетел ғарышкерлері, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің стратегиялық серіктестері (Роскосмос, «Airbus Defence and Space» және т.б.), отандық және шетелдік ғарыш ұйымдары (М.В.Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы, М.Ф. Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйе» АҚ, Leica Geosystems, Antrix Corporation Limited, S.E.R.E.M.E, THALES ALENIA SPACE) және тағы басқалар қатысып отыр.

Халықаралық форумның биылғы демеушілері: платина демеушілері - Airbus Defence and Space, Hexagon Geospatial, Leica Geosystems; алтын демеушілері – Planet, DigitalGlobe; күміс демеушілері – IABG, SUNACS, Satrec Initiative, SSTL, DEIMOS IMAGING компаниялары.

Іс-шара аясында Қазғарыштың 25 жылдығына арналған пошталық марканы «KADEX - 2018» эмблемасы бар алғашқы күн конвертінде арнайы пошта мөрқалыбымен соғудың салтанатты рәсімі өтті.

Бұдан басқа, бүгін «KazEOSat-1» дәлдігі жоғары Жерді қашықтықтан зондтау қазақстандық спутнигі «KADEX-2018» Көрме аумағында ғарыштық түсірілім өткізді.

Форумның пленарлық отырысын ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин ашты. Ол Қазақстан экономикасы түрлі салаларының тиімділігін жоғарлатудағы ғарыштық технологияларын қолданудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, өз құттықтау сөзін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов және ҚР Халық Қаһарманы, Ресей Батыры, ұшқыш-ғарышкер, ҚР Парламент Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев айтты.

Форумның пленарлық отырысы аясында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Марат Нұрғожин Қазақстанның ғарыш қызметінің дамуы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, «Airbus Defence and Space» компаниясы (Франция), «Роскосмос» Мемлекеттік корпорация (Ресей), БАӘ Ғарыштық агенттігі, Украинаның Мемлекеттік ғарыштық агенттігі, Жапонияның Аэроғарыш зерттеулер агенттігі, «Thales Alenia Space» компаниясы (Италия), «М.Ф. Решетнев атындағы Ақпараттық спутниктік жүйе» АҚ (Ресей) және басқа да ұйымдар басшылығының өкілдері баяндама жасады.

Форумның бірінші күні Қазақстан ғарышкерлері, ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттары және шетел стратегиялық әріптестерін «Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен марапаттаумен аяқталды.

Екінші күні (24 мамырда) форумның мазмұны алғашқы күннен кем болмады. Халықаралық форумның жұмысы 4 секцияның шеңберінде өтті. Ол мынандай тақырыптарға: жерді қашықтықтан зондтау және навигация; байланыс және телекоммуникация; ғарыштық техниканы өңдеу; ұшыру қызметтері арналды. Шара барысында түрлі презентациялық шеберлік сабақтары жүргізіліп, ғарыш саласындағы жетекші компания өкілдері баяндама жасады.

Аталған шаралар барысында әлемнің түрлі елдерінен келген мамандар мен сарапшылар қорғаныс өнеркәсібі, әскери-техникалық ынтымақтастық, ғарыш қызметі мен ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды мәселелері төңірегінде пікір алмасып, заманауи кезеңдегі киберқорғаныс жөніндегі сауалдарды талқылауда.    

Айта кетейік, V Халықаралық «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі  көпшілік үшін 25-26 мамыр күндері ашық болады.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"