КАDЕХ-2016: «Семей инжиринг» – сенімді серіктес

   «КАDЕХ-2010» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі тұңғыш рет ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен 2010 жылы 26-29 мамыр күндері Астанада өтті. Көрменің жұмысы «Қару-жарақ», «Тыл мүлігі және медицина», «IT технология», «Құрылыс және инфраструктура» блоктарына бөлінді. «КАДЕХ–2012» екінші халықаралық көрмесі ҚР Қарулы Күштерінің 20 жылдығына орай қолға алынып, оған әлемнің 20 мемлекетінің 250 компаниясы әскери мақсаттағы өнімдерін әкелді. Ал, «КАДЕХ–2014» үшінші халықаралық көрмесінде әлемнің 27 елінің 300 компаниясының өнімі ұсынылды. Ол ғарыштық технологиялар, авиациялық қару-жарақ, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен құралдары, ІТ-технология, байланыс жүйелері мен құралдары, әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету секцияларының артуымен ерекшеленді. Биыл 2-5 маусым аралығында Астана қаласында ҚР Қарулы Күштерінің авиациялық базасында өтетін IV халықаралық «KADEX-2016» көрмесі де халықаралық көрме нарығындағы өз позициясын нығайту, инвестициялар тарту, жақын және алыс шет елдерге әскери мақсаттағы өнімді жеткізуді барынша ұлғайту үшін зор әлеует пен үлкен мүмкіндікке ие болатыны сөзсіз.

ӨНДІРІС АРТЫП КЕЛЕДІ

   «Семей инжиниринг» АҚ бронетанк зауытының тарихы 1976 жылдан басталады. Осы жылы Семей қалалық атқару комитеті КСРО Қарулы Күштері Бас штабының Директивасына сүйеніп, құрылыс алаңын таңдау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу жөнінде шешім шығарады. Осылайша, 1987 жылдан бастап Кеңес Одағының Қарулы Күштеріне қажетті бронетанк техникаларына күрделі жөндеу жүргізетін мамандандырылған жалғыз зауыт атанады. 2003жылы 13 наурыз күні ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Семей инжиниринг» АҚ ҚР Қорғаныс министрлігінің құрамынан алынып, қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің өзге де кәсіпорындарымен бірге қайтадан құрылған ««Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ берілді.

   Броньды танк қару-жарағы мен техникаларын дайындаумен, жөндеумен және оларды күштік құрылымдардың пайдалануы үшін жаңғыртумен шұғылданатын «Семей инжиниринг» АҚ – Орталық Азиядағы теңдесі жоқ жалғыз зауыт. Ресей, Беларусь, Украина елдеріндегі кәсіпорындармен бәсекелес «Семей инжиниринг» – ҚР Қорғаныс министрлігі мен күштік құрылымдар үшін броньды танк техникаларын модернизациялау және толық жөндеу жүргізумен шұғылданады. Сондай-ақ, стандартты емес жабдықтар мен сан түрлі күрделі құрылымдарды жөндеуде металдарды қолданады. Мақсаты – қорғаныс өнеркәсібін дамытуда мемлекеттің стратегиялық мүддесін қамтамасыз ету, әрі сапалы әскери-өнеркәсіптік өнім мен қызметті өндіру. Стратегиялық мұраты – кәсіпорынның тұрақты өсуін қамтамасыз ету, оның инвестициялық тартымдылығын арттыру, қорғаныс мақсатындағы өнімнің өсуін және дамуын қамтамасыз ету, жаңа өндірісті дамыту, маңызды әлеуеті жоғары инжинирингтік қызмет пен машина құрылысының өнімдерін жаңарту, әрі техникалық жағынан қайта қаруландыру. Негізінен Т-72 танкілерін, өздігінен жүретін 2С3М «Акация» артиллериялық құрылғысын, БМП-1, БМП-2 жауынгерлік машиналары мен оның түрлерін, БТР-60, БТР-70, БТР-80 бронетранспортері мен оның түрлерін, КАМАЗ-7403, УТД–20,  

В-46, В-59, В-84 двигательдерін толықтай жөндеумен шұғылданады. Сондай-ақ, зауытта конструкторлық бюро құрылған. Ол жерде броньды техникаларды жаңарту және қайта жабдықтау жөнінде келешегі зор тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізіледі. Мәселен, Т-72 танкісінің базасында БРЭТ, яғни брондалған жөндеу эвакуациялық тартқыш, Т-72 танкісінің базасында шынжыр табанды өрт сөндіру машинасы, БМП-1

жауынгерлік машинасының негізінде брондалған жөндеу эвакуациялық көлік машинасы (БРЭТМ), брондалған дөңгелекті машина (БКМ СИ), БТР-70-тің жетілдірілген түрі БТР-70 СИ, 2Б9 автоматты минометі бар ұтқыр платформа – зауыттағы конструкторлық бюроның жемісі. Еліміздің қорғанысына қажетті тапсырыстарды орындау үшін «Семей инжиниринг» өндірістік желіні одан әрі кеңейтіп, жаңа технологияларды енгізді. Бірлескен жобаларды іске асыруды да үзбей жүргізіп келеді. Алдағы уақытта әскери мақсатта басқа да модульді техниканың озық үлгілері өндіріске шығарылады.  Қуаты күшті кәсіпорын IV халықаралық «KADEX-2016» көрмесінде жетілдірілген броньды техниканың жаңа үлгілерін көрсетуді жопарлап отыр. Оның қатарында БМП-1 жауынгерлік машинасының негізіндегі брондалған жөндеу эвакуациялық көлік машинасы (БРЭТМ) және конверсиялық дөңгелекті техника бар. Мысалы, брондалған жөндеу эвакуациялық көлік машинасы бронетранспортерлерге далалық жағдайда техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге, шынжыр табанды және дөңгелекті техниканы тіркеп сүйреуге, түрлі жүк пен материалды-техникалық құралдардың қосалқы бөлшектерін тасымалдауға, әрі жеке құрамды эвакуациялауға бағытталған. Ал, конверсиялық дөңгелекті техника БТР базасында жасалып отыр. Оның күрделі жолдардан жүріп өтіп, түрлі табиғат апаттарынан зардап шеккендерді эвакуациялауға мүмкіндігі зор. Сондай-ақ,Израильдің «Элбит Системс» компаниясының отты басқару жүйесі қосылған Т-72А танкісі және Ресейдің Ф.Э.Дзержинский атындағы «Ғылыми-өндірістік «Уралвагонзавод» корпорациясы»» Акционерлік Қоғамының отты басқару «Сосна-У» жүйесі қосылған Т-72Б танкісі де көрмеде таныстырылады. Көрменің көздегені – Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін белсенді дамыту. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"