Ізгі лебізбен жеткен ілтипат

2018 жылдың 1 қыркүйегінде «Арыстан» мамандандырылған лицейінде өткізілген  Білім күніне арналған салтанатты мереке жоғары деңгейде өткізілді.

Мерекеге арнайы шақырылған ҚР Қарулы Күштерінің құрылу кезеңінің басында болған генералдар мен офицерлердің, Халық Банк басқарма төрағасының орынбасарының, ата-аналардың, сондай-ақ Қарулы Күштердің концерттік бригадаларының айтқан жылы лебіздері мен көрсетілген мерекелік-саптық іс-қимылдары жиналған қауымды риза етті.   Сондай-ақ, әрбір взводқа бекітілген әскери тәлімгерлердің трибунадан сөйлеген өнегелі сөздері білімге сусаған жас лицеистердің бойларына сенім мен оқуға-білуге деген құштарлықтарын арттырып, әскери өмірге деген қызығушылықтарын күшейтті.

         1 қыркүйекте «Білім күні» салтанатты мерекесі, әдеттегідей, Ту ұстаушы топ құрамының ортаға шығуымен басталды. Лицей туын көтеру құрметі үздік лицеистерге берілді. Лицей жаңа оқу жылын маңызды халықаралық марапаттаудан бастады. Білім беру саласындағы кәсіптік жетістіктері үшін «Арыстан» лицейін Оксфорд бизнес Ассамблеясы «Үздік білім беру мекемесі» номинациясы бойынша мақтау қағазымен, ал лицей басшысы Тауланов Сәбит Сәуменұлын «Үздік жетекші» номинациясы бойынша орден және сертификатпен марапаттады. Қордың 20 жылдық мерейтойына арналған байқауларға қатысып, жүлделі орын алған лицеистердің көпшілігі мадақтамамен марапатталды. Салтанатты мереке лицеистердің өз тарапынан ұйымдастырған көріністерімен жалғасты.  

         1 қыркүйектегі Білім күнінің құрметіне арналған салтанат осылай көтеріңкі рухта, тағылымы мол өнегелік іс-шара түрінде аяқталды.

 

А.Мамбетжанова

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства