Инновациялық тың жаңалық

Инновациялық тың жаңалық

Елбасы Қазақстандағы роботталған хирургияның халықаралық референстік және оқыту орталығына барды. Онда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев медицинада инновациялық шешімдерді қолданудың маңыздылығына тоқталып, роботталған хирургия орталығында жасалатын оталардың бүкіл өңір үшін бірегейлігін атап өтті.

«Мұндай үлкен бастама халқымыздың игілігіне бағытталған. Медицина саласын роботтандыру мамандарымыздың біліктілігін арттыруға септігін тигізеді. Осындай орталықтың ашылуы – отандық денсаулық сақтау саласындағы маңызды оқиға. Бұл көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді», – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы орталықта ем қабылдаушылармен әңгімелесіп, Президенттің Іс басқармасы Медицина орталығының жалпы жұмысы және оны дамыту перспективалары жөнінде мәлімет алды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының қолдауымен құрылған роботталған хирургия орталығы медицина мамандарын даярлап, олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ клиникалық сынақтар өткізіп, әлемдік деңгейдегі заманауи роботталған технологияларды қолдана отырып, ғылыми әзірлемелер дайындайды.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи