Хоккейші Дамир Рыспаев аузын ашқанда, қазақтың туы көрінді

Норвегиялық хоккейшілермен болған ойынның алдындағы жаттығу кезінде Дамир Рыспаев Қазақстанның туы салынған тіс қорғайтын капасын жарқ еткізді, деп хабарлайды 365info.kz.

Айта кетсек, кеше түнде шайбалы хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы Олимпиада-2018 іріктеу турниріндегі алғашқы ойынын жеңіспен бастады.

F тобындағы алғашқы матчта Андрей Назаровтың командасы овертаймда алаң қожайындары — Норвегия құрамасын 4:3 есебімен жеңді.

Бүгін, 2-ші қыркүйек күні Астана уақытымен 20:00-де Қазақстан құрамасы Франциямен кездеседі.

F тобының жеңімпазы 2018 жылы Пхенчханда өтетін Олимпиадаға жолдама алады. Олимпиадаға жолдама алып қойған елдердің қатарында Оңтүстік Корея (Олимпиада қожайыны ретінде), Канада, Ресей, Швеция, Финляндия, АҚШ, Чехия, Швейцария және Словакия бар.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"