Халықаралық ұйымның әлеуетін дамыту мәселелері қаралды

Астанада Сыртқы істер министрлерінің, қорғаныс министрлері кеңесі мен ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті.

Оған Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қатысты. Отырыс барысында қатысушылар халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің проблемаларын, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы саяси қызметін үйлестіру, қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіру және ұйымның әскери әлеуетін дамыту мәселелерін талқылады. Ұйымның әскери құрамдасын әрі қарай жетілдіру, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы жанындағы бақылаушы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының серіктесі мәртебелерін құқықтық ресімдеу туралы шешімдердің жобалары мәселелері қаралды. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының дағдарыстық ден қою орталығы туралы ереже мақұлданды. Онда орталық қызметінің функциялары, ұйымдастырушылық және құқықтық негіздері айқындалған. Ұжымдық жедел ден қою күштері арнайы мақсаттағы күштер әскери контингенттері мен құралымдарының құрамы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бітімгершілік контингенттерінің құрамына өзгертулер енгізілді, сондай-ақ 2025 жылға дейінгі кезеңге Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы жүйесі күштер мен құралдар құралымдары мен басқару органдарын бірлесіп дайындау іс-шараларының тізбесі бекітілді. Сондай-ақ отырыс шеңберінде қорғаныс министрі Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы қорғаныс ведомстволарының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"