Халықаралық оқу-жаттығудан абыройлы оралды

Түркия Қарулы Күштері Бас штабының бастығы армия генералы Хулуси Акардың шақыртуы бойынша «Эфес-2018» көпұлтты оқу-жаттығудың белсенді фазасын қадағалау мақсатында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшесінің әскери қызметшілері – капитан-лейтенант Нұрсұлтан Дүйсенбаев, капитан Мақсат Ахмадиев пен аға лейтенант Аязхан Туғанбаев Түркия Республикасына барып қатысып, елге абыроймен оралды.

Аталған оқу-жаттығу «Теңіз десанттық операцияларын жоспарлау және оны өткізу» тақырыбында «Доганбей» түраралық полигонында (Измир провинциясы) Түркия Қарулы Күштері 6-шы армия қолбасшысының басшылық етуімен өткізілді. Оған 7 мыңнан аса жеке құрам санында әлемнің жиырма елінен қарулы күштердің өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен жаттығуға 8 адам тартылса, оның 3-еуі Әскери-теңіз күштерінен қатысты әскери қызметшілер.

Жаттығудың бірінші күні (9 мамыр) әскерлердің іс-қимылы негізінде тәуліктің қараңғы уақытында 4 сағат аралығында өтті. Түнгі кезең ауада және теңізде үстемдікті жаулап алу, командалық пункттерді саптан, ұшу аппараттарын әуеайлақтарға, көлік құралын, ұрыс кемелерін және сүңгуір қайықты теңізге шығару, сондай-ақ қарсылатсың әскерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің орындалмауы бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды ойнап көрсетуді орындауды қарастырды.

Кезеңнің басынан бастап жауынгерлік іс-қимыл ауданына барлау жүргізу, соққы авиация мен артиллериянының нысанасын дәлдеу үшін үлкен биіктікте (2000-ден 10 000-ге м дейін) әуе десанттарын түсіру жүзеге асырылды.

Арнайы операция күштері бөлімшелерімен нысананы дәлдеу бойынша қарсыластың басқару пункттерін, бекітілген құрылысын жою үшін түзету авиациялық бомбаны (ТАБ) қолданумен F-16 ұшағымен авиациялық соққы берілді.

Жауынгерлік курсқа «АТАК» Т-129 жауынгерлік тікұшақтары «Gatlinga» 20 мм автоматты зеңбіректі және UMTAS (L- UMTAS) «Roketsan» 160 мм басқарылатын зымырандарды дәйекті түрде қолдануға звено құрамында кірді.

Арнайы операция күштері бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылы қарсыластың үстінен тікелей ілініп тұру жағдайымен, снайперлік топтың атысымен және артиллерияның жарық беретін снарядымен тепловизормен жарақтандырылған «АТАК»Т-129 жауынгерлік тікұшағы автоматты зеңбірегінің боратылған атыспен қолдау тапты.

Арнайы операция күштері және жауынгерлік авиациялар
іс-қимылының жауынгерлік міндеттерін орындау барысында жер үсті және корабльді артиллерия «Bayraktar» TB2 ҰҰА арқылы уақыттың нақты режимінде бақыланды және үйлестірілді, барлық операция аралығында жауынгерлік іс-қимыл ауданының үстінен тосқауылдады.

Тәуліктің қараңғы уақытында теңіз десантының бас күштерін түсіруді қамтамасыз ету мақсатында қосмекенді күштерінің ротасына дейін топтар түсірілді (теңізбен өту, тез жүретін қайықтан жағаға түсіру, плацдармды тартып алу, су жағасындағы жолдан минаны алып тастау, теңіз десанттар күштері үшін жолдар дайындау), Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің өкілдері (3 адам) суастындағы минаны алып тастау топтар құрамында жауынгерлік міндеттерді орындады.

Теңіз коммуникацияларын, кемелерді күзету (қорғау), әскерлерді теңізде және әуеде оқ-дәрілермен және материалдармен қамтамасыз ету (оның ішінде жүктерді парашюттік жинау және десанттық корабльдерге МТҚ жеткізу), экипаждарды эвакуациялау бойынша шабуылға қарсы қызметтерде сүңгуірлерді («Теңіз мысықтарын») пайдалану жөнінде іс-қимылдар орындалды.

«Эфес-2018» оқу-жаттығудың ерекшелігі мыналар:

1.       Жоғары нүктелі оқ-дәрілдерді кеңінен қолдану, әуе жарылыста радиожарумен және қашықтықта жарумен артиллерияны қолдану.

2.       Әр текті күштер мен құралдарды тұрақты басқару, ауданды үздіксіз барлау және міндеттерді уақытша жеткізу.

3.       Қазіргі заманғы жоғары технологиялық байланыс, барлау, навигация, түнгі көру құралдарының және тепловизорлардың, ҰҰА бар болуы.

4.       Басшыларды және штабтарды жоғары оқыту, жауынгерлік авиация және теңіз десанттының үйлестіліген іс-қимылы.

5.       Жағдайға байланысты зақымдау үшін объектілерді ұтымды бөлу, атыс құралымен нысананы зақымдаудың жоғары дәрежесі.

 

Капитан Жамиля ТҰЯҚБАЕВА

ӘТК баспасөз хатшы офицері

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"