Халықаралық көрме халықты тәнті етті

Кеше Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «KADEX-2016» IV халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің салтанатты ашылуы болып өтті.

Мемлекет басшысы алдымен аталмыш көрмедегі бірқатар павильондарды аралады. Бірінші кезекте еліміздегі әскери өндірістің көш басында тұрған «Қазақстан инижиринг» ұлттық компаниясының жабық павильонында орын тепкен әскери өндіріс өнімдерімен танысты. Ал, бұдан кейін «KADEX-2016» халықаралық көрмесінің ашылу рәсіміне арналған мерекелік шараға қатысты. «KADEX-2016» IV халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің ашылуына арналған бағдарлама алдымен көрменің туын салтанатты жағдайда көтеру рәсімімен басталды. Сахнаға сап түзеп шыққан сардарлар бойларын тік ұстаған қалыпта туды тұғырға алып келіп, оны биікке көтерді. Халықтың рухын биіктетін музыка желісінде жүзеге асқан бұл көрініс ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Көреремен көтеріңкі көңіл-күйде орындарын тік тұрып қошеметін көрсетті. KADEX көрмесінің туы биікке көтерілген тұста аспанда ұшақтардың айшықты өнері салтанат құрды.

Көрменің ашылу салтанатына арналған бағдарлама «Әскери мүмкіндіктер», «Ұрыс алауы», «Арнайы операция» және «Бейбіт өмір» атты бөлімдерді қамтыған. Алғашқы бөлімде сахнаның қос қанаты мен орта тұсында орын тепкен барабаншы сарбаздар екпінді музыкасымен ел-жұртты өзіне баурап алды. Осы әуеннің желісінде ортадағы алаңға алдымен танкілер, ізін ала «Арлан», «Кобра» және «Хаммер» секілді ел әскерінде қолданылып жүрген жауынгерлік техникалар шықты. Аталмыш әскери техникаларды жүргізген әскерилер көпшілікке жауынгерлік қимылдарын көрсетті. Бірінен кейін бірі қаруларынан оқты қарша боратқанда бейне бір ұрыс алаңында жүргендей сезінгеніміз анық. Бұл орайда, бұл көріністің шебер жасалғанын және жауынгерлердің қойылымды жоғары деңгейде орындап шыққанын айта кеткен жөн.

Бағдарламаның екінші бөлімі жасөспірім қыз бала мен батыр бабамыздың бейнесіндегі кісінің өзара әсерлі әңгімесімен басталды. Мұнда көз алдына елес болып келген батыр бабаға бүлдіршін тіл қатады. Ол байтақ даланы болашақ ұрпағына аманат етіп қалдырған бабадан «батырлықтың сыры неде?» деп сұрайды. Сол кезде батыр баба балаға оның сыры Отанды шексіз сүюде екендігін ұқтырады. Бұдан кейін ортадағы алаңда қазақтың жоңғарлармен қақтығысын бейнелеген қойылым көрсетілді. Қарулы Күштеріміздегі таулы-егерлік полкінің эскадроны мен Жайдарбек Күнгіжіновтың жетекшілігіндегі «Номад» каскадерлер тобы сомдаған бұл қойылымда алдымен қазақ-жоңғар батырларының жекпе-жегі көрініс тапса, одан кейін екі жақтың қиян-кескі ұрысы бейнеленген. Өзара шайқас қазақтардың ұлы жеңісімен аяқталды.

Үшінші бөлімде де бүгінгі таңның бүлдіршіні сахнадан көрінді. Қаршадай қыз қазіргі Қазақ елінің сарбазымен әңгімелесті. Ол одан Отанды қалай қорғау керек екенін сұрады. Бұған сарбаз ең үлкен қару Отанға деген шексіз махаббат деп түсіндірді.  Бұдан кейін Қазақстан Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлері 36-шы десанттық-шабуыл бригадасы, 14776 әскери бөлімі, Әуе әскери күштерінің әскери авиациясы және Игорь Цайдың жетекшілігіндегі «Кун-до» сахналық ұрыс мектебінің қатысуымен жауынгерлік ұрыс қимылдары бейнеленген қойылым жұртшылық назарына ұсынылды.

«Бейбіт өмір» атты төртінші бөлімде жасөспірім қыз бала әскери техника – танкке тіл қатып, көпшілік қауымға оның түсі суық болғанымен сұрапыл соғысты қаламайтынын жеткізді. Ізін ала ол замандас құрбыларымен танктің үстіне шығып, «Әрқашан күн сөнбесін» әнін бірге орындады. Осы уақытта театрландырылған қойылымға қатысқан барша жауынгерлер және әскери техникалар да орталық алаңнан табылып, салтанттың көрігін қыздырды. Барлығы Қарулы Күштерімізге қамқорлығын аямаған Елбасыға алғысын жеткізді.

Міне, астаналықтар мен қала қонақтарының көзйымына айналған  «KADEX-2016» IV халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің ашылу салтанаты осылайша айрықша жағдайда өтті. Ондағы көпшіліктің алған әсері ерекше болды деп бек сеніммен айта аламыз.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"