Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ҚР Әуе қорғанысы күштерінің ұшқыштарымен кездесті

Бүгін Астанада Халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, ұшқыш-ғарышкер, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровтың ҚР Әуе қорғанысы күштерінің ұшқыштарымен кездесуі өтті. Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері жас ұшқыштардың сұрақтарына жауап беріп, өзінің мол тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Кездесуде жас ұшқыштар Тоқтар Әубәкіровтен ғарышқа ұшу шешімін қалай қабылдағанын сұрады.

«Бірінші рет Дінмұхамед Қонаев 1979 жылы маған ғарышқа ұшуды ұсынды. Ол кезде мен ұшқыш-сынаушы мамандығын енді ғана меңгеріп жатқан болатынмын. Бар болғаны үш жыл болған. Ол кезде өзімді әлі ұшқыш-сынаушы деп атай алмайтынмын. Мен үшін кез келген жұмысты аяқтау маңызды. Соңына жеткізбей тастап кеткен ісім жоқ. Содан кейін 1985 жылы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Ол жылы да мен келісім бермедім. 1991 жылы Нұрсұлтан Әбішұлымен кездестім. Тағы бас тартпақ болдым. Сонда Президент «30 жылдан бері қазақ жерінен ғарышқа зымырандар ұшырылып жатыр. Бірақ бір қазақ әлі ғарышқа ұшқан жоқ. Бұл маған емес, халыққа керек. Халық 30 жыл бойы өз ұлының ғарышқа ұшқанын күтіп жүр» деді. Сол күні Мәскеуде Қазақстаннан ғарышқа ұшуға екі адам – Әубәкіров пен Мұсабаевтың дайындалатыны жарияланды», - деп әңгімеледі ғарышкер. 

Тоқтар Әубәкіров ғарышқа 45 жасында ұшты.  Осылайша ол қазақ халқының көптен күткен асыл арманын орындады. «Әрине, мен бақыттымын» дейді ғарышкер.

Кездесуде Халық қаһарманы өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңесін де берді. Оның айтуынша, оқып-тоқымай, алға қойған мақсат-мұратыңа қол жеткізу қиын.

«Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін көп оқу керек. Әр адам өмір бойы терең білімге ұмтылу қажет. Үлкен жетістіктерге қол жеткізгеннен кейін де оқуды, жаңаны меңгеруді тоқтатпаңдар. Менің профессор, техника ғылымдарының докторы екенімді естігенде кейбіреулер «бұл атақтарды ғарышқа барып келгесін берді» деп ойлайды. Жоқ, олай емес. Осыған қол жеткізу үшін мен күндіз-түні оқыдым. Жоғары білім алғаннан кейін мен ары қарай жалғастырдым. Жоғары әскери авиация училищесінен кейін Мәскеу авиация институтын бітірдім», - деді авиация генерал-майоры.

Сондай-ақ, Тоқтар Әубәкіров ұшқыш-сынаушының бойында болуы қажет  қасиеттерге тоқталды.
«Ант қабылдаған ұшқыш-сынаушы адал болуы қажет. Білімге құштар болуы тиіс. Өйткені қазіргі озық үлгідегі ұшақтарды сынау оқу-білімсіз мүмкін емес. Сынақтар бірнеше кезеңнен тұратыны белгілі. Сондықтан ұшар алдында ғылымға ден қоясың. Ауада түрлі жағдай болады. Ешқашан бәрі жақсы өтпейді, бір қиындық туындайтыны сөзсіз. Сол себепті ұшқыш-сынаушылар бәріне дайын болуы керек. Оның үстіне біздің интуициямызды айтуға құқығымыз бар. Мысалы, менің басымда ұшақтың ауада маған бағынбайтынын сезген жағдайлар болды. Осыдан кейін ұшақты тексерген мамандар техниканың ақаулықтарын анықтады. Бірнеше секундта техника шашылып қалуы мүмкін еді. Бұл түйсік тәжірибемен келеді. Қорықпау керек», - деді ғарышкер.+

Кездесуде ғарышкерге «егер қайта өмір сүру мүмкіндігі берілсе, нені өзгертер едіңіз?» деген сұрақ қойылды.«Дәл осылай өмір сүріп, еш нәрсе өзгертпес едім. 18 жасым қайтып келсе, қазір ұшаққа отыруға дайынмын», - деді Халық қаһарманы.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"