Қорғаныс министрлігі «ҚР Қарулы Күштерінің полигондары мен оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі.
Осы қағида ҚР Қарулы Күштерінің полигондары мен оқу-жаттығу орталықтарының қызметін, сондай-ақ полигонда қауіпсіздік шараларының ұйымдастырылуы, оқу нысандарының жабдықталуы, рұқсат ету және сабақтар мен далалық шығулардың өткізілуі кезінде полигон аумағында жеке құрамның болуы тәртібін айқындайды. Құжаттың толық мәтінімен www.mod.gov.kz ресми сайтының НҚА бөлімінде танысуға болады.