Жыл қорытындысы шығарылды

Жыл қорытындысы шығарылды

Астанада 2017 жылғы 10 қарашада 2017 оқу жылының қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігі әскери алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысы өтті.

Алқа мәжілісінің жұмысына Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Владимир Жумаканов, ҚР Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадинов, Қорғаныс министрлігінің басшылығы, департаменттер мен басқармалардың басшылары, түрлер бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылық әскерлері мен әскер тектерінің қолбасшылары, бригада, полк, авиациялық және авиациялық-техникалық базалардың, сақтау базаларының, оқу-жаттығу орталықтарының, арсеналдардың командирлері, әскери жоғары оқу орындарының, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің, әскери полиция органдарының бастықтары, сержанттар құрамы және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігінің, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің жай-күйі, алдағы жылға Қарулы Күштердің инфрақұрылымының дамуы мәселелері талқыланды. Одан басқа, ҚР ҚК-дегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіптің, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен, Қарулы Күштердің ардагерлерімен жұмыс және әскери-патриоттық жұмыстың ұйымдастырылуының қорытындысы шығарылды.  
Алқа отырысы барысында ҚР Қорғаныс министрі 2018 жылы әскерлерді даярлаудағы негізгі күш-жігерді мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ететін деңгейде басқару органдары мен әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін ұстап тұруға шоғырландыруды айқындады. 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы және Қазақстан Республикасының Әскери доктринасымен белгіленген тапсырмалар шеңберінде әскерлердің (күштердің) жауынгерлік қабілеттілігін арттыру жөнінде кешенді шаралар қабылдау.
2017 оқу жылының жұмыс қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштерінің үздік бөлімшелері анықталды. Олар: ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы, 61993, 10216 әскери бөлімдері, Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, 35748 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметі. ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері 2018 оқу жылын «Ұлы дала әскері – Мәңгілік ел тірегі!» атты ұранмен өткізетінін айта кету қажет.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП