Жыл қорытындысы бойынша үздік әскери бөлімдер анықталды

Ақтау қаласында 2017 оқу жылы бойынша Әскери-теңіз күштері қызметінің қорытындысы шығарылды. Жыл қорытындысы бойынша 21814 әскери бөлімі ҚР ҚК ӘТК-нің үздік әскери бөлімі болып танылды.

«Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кораблі жылдың үздік кораблі болып танылды. Бүгінде Қазақстанның Әскери-теңіз күштері - бұл Каспий теңізінің қазақстандық секторында маңызды стратегиялық тапсырмаларды орындайтын еліміздің Қарулы Күштері әскерлерінің толыққанды жекелеген түрі болып табылады. Өткен жылда әскери корабльдердің жүзіп өтуі 140 тәуліктен асады. Корабльдер 19 000 аса теңіз милясынан өтті. 5000 корабльді-жауынгерлік оқу-жаттығу өткізілді. Ағымдағы жылы ҚР ҚК ӘТК жаңа корабльдермен, оның ішінде, «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кораблі және «Алатау» мина-тартқыш кораблімен толықты. ҚР ҚК ӘТК Әзірбайжан Республикасындағы Армия халықаралық ойындарына белсене қатысып, жүлделі үшінші орынды еншіледі. 2017 оқу жылы бойынша ҚР ҚК Әскери-теңіз күштеріне қойылған тапсырмалар толық көлемде орындалды. «Бұл нәтижелер еліміздің теңіз шептері сенімді қолда», – деп ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысының бірінші орынбасары 1-дәрежелі капитан Марат Жанаев атап өтті. Іс-шара аяқталысымен үздік теңізші әскери қызметшілерге жедел, жауынгерлік, жұмылдыру даярлығы мен жалпы қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін алғыс жарияланып, грамоталар табыс етілді.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"