Жұмыс сапарымен Үндістанға барды

Жұмыс сапарымен Үндістанға барды

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаровтың жетекшілік етуімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы жұмыс сапарымен Үндістан Республикасының Нью-Дели қаласына барды.

Сапар барысында Үндістанның Қорғаныс министрі Нирмала Ситараман ханыммен, Үндістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Бипин Рават және қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік хатшы Санджай Митрамен кездесулер өтті. Кездесу аясында тараптар қазақстандық бітімгершілік ротаның БҰҰ миссиясында үнділер контингентінің құрамында қатысуы, сондай-ақ қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыға салды. Үндістан Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің басшылығымен кездесулер позитивтік және сенімді түрде өтті. Сапар қорытындысы бойынша үнділік тарап қорғаныс саласында Қазақстанмен өзара іс-қимылды әрі қарай нығайта түсуге қызығушылығын білдірді.
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП