Жолдаудың іске асырылу бағыттары түсіндірілді

Қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев Шымкент және Арыс гарнизондарының құрамаларын, әскери бөлімдері мен мекемелерін тексерді.

Жұмыс сапары барысында шоғырлану ауданына жеке құрамның техникада жылжуын жүзеге асырған Шымкент гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірі дабыл бойынша көтерілді. Сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың сақталу тәртібі мен шарттары, оқу-материалдық базаның жай-күйі, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерінің іске асырылуы, инфрақұрылым және техникалық аймақ нысандары тексерілді. Бөлімшелердің жеке құрамына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылуының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Сапар қорытындысы бойынша басшылық құрамалар мен әскери бөлімдердің қолбасшылығына әскери бөлімдер мен бөлімшелердің оқу-материалдық базасын, әскери қалашықтардың инфрақұрылымын жетілдіру және одан әрі дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Одан басқа, Шымкент қаласында мектептердегі әскери-патриоттық тәрбие берудің рөлін күшейту туралы Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған талаптарды іске асыру шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі және «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қоғамдық қозғалыс арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты өзара ынтымақтастық орнату, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жан-жақты дамыту, жастардың бастамаларына қолдау білдіру, бірлескен жобаларды әрі қарай іске асыру, сондай-ақ тараптардың бірлескен әскери-патриоттық іс-шараларға қатысуы болып табылады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"