Жолдағы тәртіпті арттыруға арналды

   Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламаның аясындағы сауықтыру сабағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 30 217 әскери бөлімінде өтті.

   Жеке құрамға Қазақстан Республикасы жол қозғалысының ережелері туралы автомобиль қызметінің бастығы майор К.Серғалиев, алғашқы медициналық жәрдем жайында медицина қызметінің бастығы майор А.Наурузов дәріс өткізді. Бөлім командирінің материалды-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары подполковник Е.Исаев пен Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының аға офицері майор К.Жәкеевтің қатысуымен дөңгелек стөл басында кездесу ұйымдастырылды. Онда жеке автокөлік иелерімен құқықтық, жол қозғалысының ережелерін бұзғандармен жеке тәрбие жұмыстары жүргізілді. Жол апаты болған оқиға орнынан түсірілген бейнероликтер көрсетіліп, тәжірибе жүзіндегі сабақтар да болды. Әскери қызметшілердің жеке көліктері де тексеруден өтті. Әскери қызметшілердің қатысуымен болатын жолдағы құқықбұзушылықтар мен оқыс оқиғаларды барынша азайтуға бағытталған сауықтыру шарасы жол-көлік оқиғаларының алдын-алу жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламаның аясында жүзеге асты.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суретті түсірген автор

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"