Ғарыштық мониторинг жүйесінің жұмысы тиімді

Ғарыштық мониторинг жүйесінің жұмысы тиімді

ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитеті 2018 жылдан бастап мемлекеттік органдар мен ұйымдардың салалық міндеттерін шешу үшін Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) мен спутниктік навигация мәліметтерінің негізінде кеңістіктік мәліметтерінің инфрақұрылымын құрастыру мен дамыту жұмыстарын бастады.

ДЖСН және ЖҚЗ ғарыштық жүйесінің ұлттық операторы («ҚҒС» ҰК» АҚ) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тапсырысы бойынша аумақтарды түсірумен қатар оларға өңдеу, сараптау қызметтері және геопорталдар арқылы қолжетімділігі ұсынылатын болады.   

Геопортал – бұл ғарыштық мониторингтің  шағын жүйесі, ол ЖҚЗ мәліметтерін қолдануымен салалық мәселелерді кешенді шешуге арналған.

2018 жылы ғарыштық мониторинг төрт министрліктің салалық міндеттерін шешуді қамтиды: ҚР АШМ – 35 міндет  (жер, орман, су, жануарлар ресурстарына, шаруашылық қызметі және шекаралас өзендеріне мониториг жүргізу, картография, жерлерді есептеу, жоспарлау және бақылау); ҚР ІІМ – 4 міндет (орман және дала өртінің орны, қар, мұз қабатының жылжуы туралы уақытылы ескерту мен олардың алдын алуы, есірткі өсірілетін жерлерді анықтау); ҚР ЭМ – 3 міндет (қатты тұрмыстық қалдықтарының заңсыз жинақталуына экологиялық мониторинг жүргізу, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру жерлерін мониторингілеу); ҚР ИДМ – 2 міндет (әуе кемелердің ұшу мен қонуына қауіп келтіретін жағдайларын анықтау мақсатында әуежайлар және көршілес аумақтарға мониторинг жүргізу).

Ғарыштық мониторинг жүйесі мемлекеттік органдарға экономика саласындағы басқарушылық шешімдерді бағалау, жоспарлау және  қабылдау тиімділігін жоғарлатуға, сондай-ақ далалық зерттеулерді азайту мен бұзушылықтарды анықтауды көбейту арқылы жауапты мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыруға көмектесетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы мемлекеттік органдарға және ұйымдарына ЖҚЗ суреттерін беру жұмыстары да жалғасуда. Мәселен, 2017 жылы оларға 11,5 млн. шаршы км. көлемінде Жер бетінің ғарыштық суреттері берілді.

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства