Жеңіс мерекесінде ардагерді арқалап жүрді

Оңтүстік Қазақстан облысында кеңінен аталып өткен Жеңіс мерекесінде көпшілікке қатты әсер берген оқиға аз болмады. Мәселен Кентау қаласында ұйымдастырылған салтанатты шарада Жастар орталығының инспекторы Әділбек Қайырбеков 90 жастағы ардагерді арқалап жүрді.

Ұйымдастыру жұмыстарының басында жүрген Әділбек Қайырбековке ардагерлерді алып жүру ісі тапсырылыпты. Ол жасы 90-ды алқымдаған ардагердің өздігінен еркін қозғала алмайтынын біліп, қарияны арқасына көтеріп алған. Мереке біткенше арқалап алып жүрген. Ардагердің: «Балам бұның қалай болар екен» дегеніне, ол: «Ата сіздей бейбіт өмір сыйлаған ардергерді арқалаудан арланбаймын. Қайта мақтан етемін», - деп жауап қатқан. Осылайша кентаулық азамат өзге жастарға үлгі боларлықтай өнегелі іс жасаған.

Ал, салтанатты жиын  біткен тұста  кішкентай  бала келіп сол ардагер атаға  «Қазақстан» шоколадын сыйлаған. Тәттіні ұсынған жеткіншек «Қазақстан біздің Отанымыз, ондағы бейбіт өмірді ардагерлер сыйлады. Сондықтан мен осы шоколадты алдым. Ата бізге бейбіт күн сыйлаған сізге рахмет» деген.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"