Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Сәкен Жасұзақов ҚР Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Сәкен Әділханұлы Жасұзақов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалсын», - деп жазылған Президент Жарлығында.