Жемқорлықпен күрес – әр азамат парызы

Жемқорлықпен күрес – әр азамат парызы

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде, саяси дамудан тәуелсіз, әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да белең алуда. Ол демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстанда мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылықтарының бірі ретінде айқындалған.

Әскери қызметшілердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында Қостанай облысының жергілікті әскери басқару органдарында жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында тұрақты негізде, жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде. Басты мақсат әскерге шақырылатын жастармен, әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерімен кездесу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын, жемқорлық ұғымын түсіндіру, жемқорлықпен күрес шараларын жетілдіру, барлық санаттағы әскери қызметшілердің арасында заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату, жемқорлық көріністеріне қарсы тәрбиелеу болып табылады.

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты еңсеру Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен басымдылығы анықталған мемлекеттік саясаттың басты бағытарының бірі болып табылады. Міне, сондықтан да Президент өзінің «Қазақстан-2050» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты стратегиясында мемлекет басымдылықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықты атап көрсетті.

Қазақстан Президенті әрқашан сыбайлас жемқорлық туралы сөзінде қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жою мүмкін еместігін айтып келеді.

Осыған орай, 2014 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.

Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, кез-келген жемқорлық көрінісіне «нөлдік» төзімділдікті туындату арқылы жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Ел Тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап мемлекет басшысы әрдайым баршамыздың ортақ бір ғана мәселеміз – Қазақстан халқының әл-ауқаты, бір мақсат Отанымыздың гүлденуі екендігін айтып келеді.

 

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства