Жауынгерлік парадқа дайындық басталып кетті

Астанадан «Отар» 40-шы әсери базасына Жауынгерлік парадқа дайындық мәселесін пысықтау үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің жедел тобы аттанып кетті.Оған Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев басшылық жасауда. Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Жедел топтың құрамына Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мен  Қарулы Күштерінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері енді. Офицерлердің алдында Жауынгерлік парадқа дайындық жөніндегі барлық мәселелерді үйлестіру міндеті тұр. Бұған дейін хабарлағанымыздай,  Жауынгерлік парад осы жылдың 7 мамыры - Отан қорғаушылар күні өтеді. Қазіргі уақытта әскери база аймағында Жауынгерлік парадқа қатысатын жауынгерік техникалар мен бөлімшелердің жеке құрамы шоғырлану үстінде. Жауынгерлік парадқа барлығы 7 мың әскери қызметші, 400-ден астам бронды машиналар, автотехникалар, 80-нен астам ұшақтар мен тікұшақтар қатысады. Әскери бөлімшелер қазіргі таңда Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштері жарақтанған қазіргі заманғы қарулар мен техникаларды іс жүзінде қолдануда тактикалық шеберліктерін көрсететін болады. Бүгін «Отар» 40-шы әсери базасына темір жолмен екі эшелон танкі және мотоатқыштар бөлімшелері келіп жетті. Ертең Ақтаудан теңіз жаяу әскерінің батальоны мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлау бөлімшесі келеді. Отарға мұның алдында авиациялық материалдық-техникалық  қамтамасыз ету бөлімдері барлық қажетті құрал жабдықтарымен жеткен болатын. Жауынгерлік парадқа алаңсыз, тыңғылықты дайындалу үшін әскери авиация ұшқыштарына арналып жеке  лагерь тігілмек.
 http://www.inform.kz/kz/zhauyngerlik-paradka-dayyndyk-bastaldy-kr-korganys-ministrligi_a2549316
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"