Жауынгерлік даярлыққа мән берілді

Жауынгерлік даярлыққа мән берілді

Алғаш рет ҚР ҚМ Кадет корпусының қабырғасында кадеттіктердің 20 жылдық мерейтойына арнап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас сержантының кубогына «Үздік кадет» аталымы бойынша конкурс өткізілді.

Конкурстың негізгі мақсаты – жеке даярлықты жетілдіру мен кадеттіктердің беделін арттыру, оларға озық тәжірибені насихаттау болатын. Екі кезеңде өткізілген конкурс – оқу роталары мен Кадет корпусы ауқымында өткізілді. Оған 470-ке жуық адам қатысты. Жарыс кадеттіктердің теориялық білімі мен практикалық дағдылардың тексере отырып, жауынгерлік даярлық пәні бойынша өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша кадет Диас Жекеев жеңімпаз атанса, екінші орынға Талғат Исмайлов иеленді, ал үшінші орын кадет Әділ Дәулетке бұйырды. ҚР ҚК Бас сержантының «Үздік сержант» кубогын тапсыру ағымдағы жылдың 29 маусымы күні кәсіби-сержанттардың салтанатты бітіру рәсімі кезінде өтеді.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"