Жауынгерлік әзірлік барысы бақыланды

Жауынгерлік әзірлік барысы бақыланды

Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Алматы гарнизоны әскери инфрақұрылымының жай-күйін тексерді.

 Әскери ведомство басшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев бастаған жұмыс тобы Алматы гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің бірқатар нысандарын аралады. Жұмыс сапары барысында комиссия Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-материалдық базасы мен оқу полигонын, институт қоймасында қару мен оқ-дәрілердің сақталуының ұйымдастырылуын тексерді, сондай-ақ курсанттардың оқу процесімен танысты. Қару-жарақ пен әскери техниканың жөнделуі, полигондық жабдық пен байланыс құралдарының қызмет көрсетілуі бойынша жұмыстардың барысы тексерілді.  Нәтижелері бойынша Бас штабының қолбасшылығы бөлімшелердің қолбасшылығына әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру және жауынгерлік даярлықты одан әрі жетілдіру бойынша тапсырмалар қойды.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи