«Жауынгерлік істердің қастерлі естеліктері»

2018 жылдың 23 ақпаны мен 23 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейінде Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Жауынгерлік істердің қастерлі естеліктері» атты уақытша көрмесі өтуде. Көрме шығыс қазақстандықтардың әскери тарихы беттерінен сыр шертеді.

Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі – 1915 жылы ашылған Қазақстан Республикасының ең көне музейлерінің бірі. Ғасырға жуық тарихының барысында мұражай Шығыс Қазақстан өлкесіндегі көне замандардан бастап қазіргі күндерге қатысты табиғат пен жаратылыстық ескерткіштерді жинап сақтаған ірі ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Облыстық тарихи-өлкетану музейі – өткен ғасырдағы жауынгерлік істер жәдігерлерінің сақталу орны. Музей қорының жинақтамасында 151 410 жәдігер бар. Аталған көрмеде музей қорынан 200-ден аса жәдігер ұсынылған. 1720 жылы Ресейдің Сібір алқаптарында жерін кеңейтуге бағытталған әскери қимылдарының барысында Ертіс және Үлбі өзендерінің сағасында Өскемен бекінісінің негізі қаланған. Көрмеге XVIII-ХIХ ғасырлардағы осы бекіністің картасы, жоспарлары және макеті әкелінген. Сондай-ақ ХVШ ғасырда қазақ жері мен елінің азаттығы жолында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлігі мен ел есінде қалған қолбасшы батырлардың қару-жарақтары, сауыт-саймандары көрмеден орын алған.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"