Жауынгер атындағы клуб ашылды

Таяуда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Шар қаласындағы Абай атындағы орта мектеп және Жаңғызтөбе кентіндегі 47007 әскери бөлімінің бірлесуімен Ауған соғысының интернационалист-жауынгері Самат Бейсембаев атындағы «Жас сақшы» әскери-патриоттық клубының ашылу салтанаты өтті.

Шараға аудандық әкімдік өкілдері, аудан әкімінің орынбасары А.Ибраев, 47007 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор А. Базылжанов, мектеп оқушылары, жауынгерлердің туыстары қатысты.

Жиын барысында С. Бейсембаевтың өмірі туралы бейнеролик көрсетіліп, әкім орынбасары А.Ибраев сайысқа қатысушыларды құттықтады.

47007 әскери бөлім командирінің ТжИЖЖО майор А. Базылжанов аталған әскери бөлім атынан мемлекеттік ту мен Ауған соғысы ардагерлерінің естелік фотосуреттері ілінген стенд тарту етті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"