«Жасыл» экономикаға жасалған қадам жалғаса берсе...

Елордада үлкен ұйымдастырумен өткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің бір пайдасы сол, еліміздің және әлемнің экологиясын пайдасы тиетін іргелі істердің қолға алынуына септесті. Бұл бағытта жер беті ғалымдарының бас қатырып жүргеніне біршама жылдың жүзі болғанынан хабардармыз. Жаңа технологияны дамытуда да аталған үдеріс назардан қалған емес. Ең бастысы, нәтиже бар, табиғатты қорғауға арналған жобалар бірінен кейін бірі туып, адамзат және қоршаған орта игілігіне қызмет етуде.

Эко-несие игі істерге жетелейді

Сөзіміз дәйексіз болмасын, алдымен БҰҰ Даму бағдарламасының биоалуандылықты сақтау бастамасы аясында экологиялық жобаларға қаржылай қолдау жасалатынын айтсақ. Ол үшін «Эко-Даму» шағын несиелер бағдарламасы да қолға алынған. «Ұлттық қорықтардың маңайында тұратын елді мекендер үшін арнайы несиелер қарастырылған. Ауыл тұрғындары ағаш кесіп, балық ауламас үшін біз оларға шағын қонақ үй ашу, тоған шаруашылығын дамыту, орман алқаптарын өсіру, я болмаса, ара шаруашылығын жүргізу сияқты кәсіп түрлерін ашуға демеу жасаймыз. Қаржылай қолдау да бар. Адамдар несиені 4 пайызбен ала алады», дейді БҰҰ Даму бағдарламасының биоалуандылықты сақтау жөніндегі жобалардың менеджері Талғат Кертешев.
Оның айтуынша, халық арасында «Эко-Даму» шағын несиелер бағдарламасына сұраныс жоғары. Себебі пайыздық мөлшерлемесі төмен. «Мәселен, біз 1,5 млн долларды Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы Барсакелмес, Үстірт, Алтынемел және Іле-Балқаш резерваты төңірегінде тұратын елде мекендерге таратып бердік. Оны жарты жылдың ішінде талап әкетті. 83 жобаның аясында 200-ден астам жұмыс орны ашылды. Енді, келесі жылда несие қайтарылады. 2019 жылдан бастап бағдарламаның екінші кезеңі басталады. Онымен төрт қорық емес, 26 қорықты қамту жоспарланған. Сондықтан осы жұмысқа ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан да ақша бөлінуі керек. Өйткені 1,5 млн доллар аз болады», - дейді менеджер сөзін толықтырып.
«Эко-Даму» бағдарламасының бірінші кезеңіне іліккендердің ішінде Құралай Шамұратова да бар. Осыдан екі жыл бұрын ол 2 млн теңге көлемінде эко-несиені алып, өз кәсібін дөңгелетіп кеткен. Өзі ауылда бастауыш сыныптарға сабақ береді. Онымен бірге көрпе, жастық, қазақы киімдерді тігу сияқты кәсіпті ашып алды. Құралай Шамұратова өзі жасаған бір бұйымды БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Алтангерел Мунхтуя ханымға табыстаған екен. «Ол – ноутбукке арналған қолдорба. Оның іші киізбен, сырты масатымен қапталған. Ондай қолдорбамен ноутбукты қыста ұстаған ыңғайлы. Суық өтпейді. Бір жерге кіргеннен кейін ноутбуктың жылығанын күтпей-ақ бірден жұмыс істеуге болады. Ал жасыл түспен жасағаным – Қазақстанның табиғаты гүлдеп, көгере берсін дегенім. Негізі, маған қандай адам келсе, бетін қайтармаймын. Сұраған нәрсесін істеп беруге тырысамын. Ауылдың өмірін білесіз ғой, түске дейін үйдің жұмысы, бала-шаға дегендей, түстен кейін мектепте сабақ беремін. Ал үйге келген соң, түніменен отырсам да, тапсырыстарды орындаймын», - дейді Қ.Шамұратова.

Жел стансасы зиянсыз энергияға жеткізеді

Батыс Қазақстан облысына қарасты Бөрілі ауданында жалпы қуаты 50 МВт-ға дейін жел электр стансасын салу көзделуде. Жобаны қолға алған «Жел энергиясы» ЖШС директоры Мұрат Қаныбековтің айтуынша, осы мақсатқа Ақсай қаласының солтүстік бөлігінен 100 гектар жер бөлініпті. Онда елу генератор тұрғызу көзделуде. Жобаны жүзеге асыру үшін бастапқыда елу адам жұмыспен қамтылмақ. Кейін құрылыс-монтаж жұмыстары жүрген кезде 120 адамға жетпек. Жалпы құны 119,5 млн еуроны (39,9 млрд теңге) құрайтын жобаның бас мердігері – осы жұмыста тәжірибесі бар ресейлік «ACTIVITY» компаниясы.
Құрылысты алдағы жылы бастап, 2020 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Жоба он жылда өзін-өзі ақтамақшы. Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Өтегеновтің сөзіне қарағанда, жасыл экономика бағытындағы бұл жоба экология жағынан да тиімді. Ауданға қомақты қаржы келумен бірге жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындары ашылады.
Жалпы, Бөрлі ауданы жаз кезінде 12, қыста 15 МВт электр қуатын тұтынады. Жаңа станса іске қосылса, оның қуаты көршілес аудандарды да қамти алады. Бөрлі ауданы әкімдігі мен «Жел энергиясы» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылып, жұмыстар басталып кетті.

Іргедегі Қытайдан үйрену керек

Ал әлемде автокөлік нарығындағы жетекші елдердің бірі Қытай дизельмен және бензинмен жүретін автокөліктер шығаруға тыйым салмақ. Үйренетін үрдіс, алайда, ҚХР өнеркәсіп вице-министрі зерттеу жұмыстарының басталғанын, бірақ бұл тыйым қашан күшіне енетінін шешпегенін айтты. «Бұл шаралар еліміздегі автокөлік секторын дамытуда тың өзгерістерге алып келеді», дегені Синь Губин Қытайдағы Синьхуа ақпарат агенттігіне берген ресми сұхбатында.
Былтыр Қытай әлемдік нарықтың үштен бір бөлігін құрайтын 28 миллион автокөлік шығарды. Ұлыбритания, Франция ауаның ластануы мен көміртек қалдықтарын қысқарту үшін 2040 жылға қарай дизельді және бензинді автокөліктерге тыйым салу туралы жоспарын қабылдаған болатын. Шілдеде Қытай автоөндірушісі «Volvo» 2019 жылдан бастап көліктердің жаңа үлгілерінде электрлік қозғалтқыш болатынын мәлімдеді. Қытайлық «Volvo» иесі Geely 2025 жылға қарай миллион дана электромобиль сатуды жоспарлап отыр.
«Renault-Nissan», «Ford» және «General Motors» секілді басқа да жаһандық автокөлік фирмалары Қытайда электромобиль дайындаумен айналысады. Қытай 2025 жылға қарай автокөлік саудасындағы электромобильдер үлесін 5/1-ге жеткізуді қалайды. Бұл ұсыныс автоөндірушілерден келесі жылы электрлі немесе буданды аккумуляторға қосылған көліктер санын 8 пайызға, ал 2020 жылға қарй 12 пайызға көбейтуді талап етеді. Индустрия вице-министрінің айтуынша бұл өзгерістер автокөлік саласының қарқындап өсуіне негіз болмақ.
Бұл өзгеріс сонымен бірге Қытай нарығында мұнайға деген сұранысқа әсер етеді. Қазіргі таңда бұл ел мұнайды тұтыну көлемі бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"