Жасұландықтар «Балаларға жылу сыйла» қайырымдылық акциясына қатысты

Қазақстан Қарулы Күштерінде балалар үшін қайырымдылық акцияларын өткізу жақсы дәстүрге айналған. Астана мен Шымкент қалаларындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектептерінің тәрбиеленушілері де балаларға арналған осы бір шағын мерекені ұйымдастыруға өз үлестерін қосты.

Астандағы қалалық балалар үйінің балалары үшін Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне саяхат ұйымдастырылды. Бұл жерде оларға арнап ұландардың күшімен концерттік бағдарлама дайындалды. Балалар мектепке экскурсия жасап, музей, спортзал, мәжіліс залы, жатақхана және асханада болды. Бұған қоса Қазақстаан Республикасы Қарулы Күштерінің даму тарихымен танысты.
Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері Шымкенттегі № 3 қалалық балалар үйінде болды. Балалар үйінде болу кезінде мектеп тәрбиеленушілері көркемөнерпаздарынан құралған шығармашылық топ концерт берді.
«Осы кездесуден ғажап әсер алған балалардың қуанышын бөлісу қандай жақсы. Біздің міндетіміз де осы балалардың әрдайым күліп, қуанып жүруін қамтамасыз ету ғой», – дейді Шымкенттегі «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы полковник Ғазиз Төлеушев.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"