Жастарға үлгі боларлық өнеге

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы рухында әскери-патриоттық тәрбиелеу, қазақстандық патриотизм сезімін дарыту, қазіргі Қарулы Күштеріміздің тыныс-тіршілігі жайында әңгімелеу мақсатында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 54770 әскери бөлімінде ерлік сабағы ұйымдастырылды.

Сабақ әскери бөлімнің қамқорлығындағы Семейдегі орта білім беретін 15-ші мектеп оқушыларының қатысуымен өтті. ҚР Қарулы Күштерінің ардагері А.Жылысбаев өзі жайында және әскери бөлімнің құрылу тарихы мен бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін айтып берді.

«Егемен еліміздің айбынды армиясының құрылу мен қалыптасу кезеңінде әскери қызметшілердің жүріп өткен жауынгерлік жолы – жастарға үлгі, өнеге. Отан қорғаушылар сенімділікпен адал қызмет етіп қана қоймай, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде де белсенді күш салып келеді», – деді ол. Ерлік сабағында еліміз Қарулы Күштерінің түрлері мен еліміздегі әскери жоғарғы оқу орындары бойынша мол ақпарат та берілді. Мектеп оқушылары дәріске қызығушылықпен қатысып, өз сауалдарына жауап алды.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суретті түсірген автор

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"