Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу ісі

Қазақ гуманитарлық заң университеті әскери кафедрасының студенттері Астана қаласында орналасқан мектептерде, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар өткізуде. Соның бірі – Қарулы Күштердің құрылған күні мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңындағы «Ерлік сабақтары».

Білім беру ұйымдарының әкімшілігімен бірлесе ұйымдастырылып, өткізіліп жатқан бұл іс-шараларда университеттің әскери кафедрасында оқитын студенттер мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, әскери қызмет және жауынгерлік дәстүр туралы маңызды ақпараттар беріп, жастарды аға буынның сұрапыл соғыс жылдарында көрсеткен ерліктерін ешқашан ұмытпауға, жылдан жылға қатары азайып бара жатқан ардагерлерге құрмет көрсетуге шақырды.

Сондай-ақ № 45 және № 24 мектептерінің 10-11 сынып оқушыларына Әскери кафедраның студенттері Айдос Туғанбаев, Бақдәулет Кенжетай, Арлан Алмасұлы және Екатерина Захарчук Калашниковтың автоматын (АК-74), қол оқшашары (РПК) мен оқшашарын (ПК) және Драгуновтың көздеуіш мылтығын (СВД) уақытқа бөлшектеп, оны қайта жинақтап ату қаруларын жақсы игергендерін көрсетті. Кеш барысында белсенділік танытып, Қарулы Күштер туралы біліктіліктерін көрсеткен оқушыларға атыс қаруларын бөлшектеу мен жинақтауға мүмкіндіктер берілді. Студенттер оқушылар қойған сұрақтарға тиянақты жауаптар берді.

Сәуір айының соңына дейін университет студенттерімен «Ерлік сабақтары» Астана қаласының тағы 8 мектебінде өткізу жоспарланған.

 

 

Меруерт Шонова


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"