«Жас ұланның» тәрбиеленушілері қарт адамдарға арнап концерт ұйымдастырды

Кеңес Одағының Екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері алғыс айту күнін мерекелеу шеңберінде қарт адамдарға арнап концерт ұйымдастырды.

«Жас ұлан» мектебінің басшылығы мекемені шефтікке алып, іргелес жатқан аумақты тазалау жөніндегі барынша көмек көрсетіп, егде адамдарды қаладағы әртүрлі шараларға алып жүріп, ай сайын шағын көркемөнерпаздардың концертін ұсынып отырғандарына екі жылдың жүзі болды. Мосқал адамдар мекемеде үнемі тұрмайды. Ем-дом алу, демалу және бір-бірлерімен араласу үшін келіп тұрады. Отанымыздың өскелең ұрпақ патриоттары ұйымдастырған концерт егде жастағы адамдар үшін нағыз мерекеге айналды. Қариялар жасұландықтарға ынта-шынталарымен қосылып ән айтып, оларды жібергілері келмеді.

«Менің немерем қазіргі кезде әскерде борышын өтеп жүр. Сендерге қарап, мен оны есіме алып отырмын. Оны қатты сағындым. Бізге келіп, кемпір-шалдарды әсте ұмытпағандарына алғыс білдіремін. Осындай жастарымыз болса, қорқатын дәнеңе жоқ. Денсаулықтарың мықты болсын!», - деді тәрбиеленушілерге Шақура Елубаева. Егде жастағылар мен мүгедектер медикалық-әлеуметтік мекемесінің директоры атынан «Жас ұлан» республикалық мектебінің басшылығына алғыс хаттар тапсырылды.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"