«Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері Бауыржан Момышұлын еске алды

«Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері Бауыржан Момышұлын еске алды

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы қаласындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында ұлы қолбасшының 107 жылдығына арналған салтанатты сап түзеу өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындау, батыр, әдебиетші, қазақ халқының ұлы баласының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Салтанатты шараға локальді соғыс ардагерлері, халық батырының жалғыз ұлы Бақытжан Момышұлының зайыбы Зейнеп Ахметова, әскери ғылымдардың докторы полковник Ким Серікпаев, жергілікті атқару органдарының өкілдері қатысты. Тәрбиеленушілерге тілек білдіруі кезінде Зейнеп Ахметова аталмыш шараны ұйымдастырғаны үшін мектеп басшылығына алғыс білдірді және Бауыржан Момышұлын мәңгі есте сақтауды жалпыға ортақ міндет деп санайтынын атап өтті.
Бұл күні қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы Бауыржан Момышұлының 107 жылдығы қарсаңында мектеп тәрбиеленушілері мен оқытушылары үлкен концерттік бағдарлама дайындады. Батырға арналған әндер мен өлең жолдары жоғары азаматтық нотада орындалды.
«Табанды және қайсар, ұлы бабаларымыздың лайықтылары, өз Отанының патриоттары болу. Мектебіміздің жасұландықтары - бұл барлық жағынан үлгі болатын, алайда, ең алдымен өз Отанына деген адал болатын қазақстандық армияның болашақ офицерлері», - деді сөз сөйлеуі кезінде мектеп бастығы полковник Манат Батырбаев.
Іс-шара мектеп тәрбиеленушілері, болашақ Отан қорғаушыларының салтанатты марш өтуімен аяқталды.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?