«Жас сарбаз» орталықтарын құруды қолдаймын

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жариялаған Жолдауында еліміздің  әл-ауқатының өсуі жолындағы басты бағыттарды атап көрсетті.

Бұл Жолдаудың негізгі мазмұны қазіргі жаһандық жағдайда әлем елдерінің көшінен қалмай, 30 елдің қатарына қосылу үшін ғылыми-техникалық, ақпараттық-технологиялық салаларды дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту, денсаулығын нығайту, жоғары және орта білім беретін оқу орындарының жұмысын арттыру және білім жүйесін заманауи талаптарға сәйкестендіру болды.       

Кез келген мемлекет әскерімен айбынды. Сондықтан да біздің негізгі міндетіміз – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Елбасымыздың Жолдауында білім беру мекемелері жанынан әскери-патриоттық тәрбие беретін «Жас сарбаз» орталықтарын құру жөніндегі тапсырмасын осы саланың маманы ретінде қолдаймын. Бұл міндетті жүзеге асыру жастарды өз елі мен жерін қорғауға тәрбиеленуіне жасалған нақты қадамдардың бірі болары сөзсіз.

            Бүгінгі таңда облыс аумағында 26-ға жуық әскери клубтар мен кадет сыныбы білім беру мекемелерімен және өңірдегі әскери гарнизондармен бірлесе отырып, патриоттық тәрбие беруде бірқатар игі шараларды қолға алуда. Сондай-ақ мектеп оқушыларының әскери дала жаттығуларының жоғары деңгейде өтуіне үлкен мән берілуде.

Осыған орай биыл Солтүстік Қазақстан облысының «Ел тірегі» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері Қарағанды облысының «Спасск» оқу орталығында болып, «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Бұл – өскелең ұрпақтың әскери қызметке деген қызығушылықтары артқандығының белгісі. Бүгінде жастарымыз жасампаздықтың ең жоғары деңгейін көрсетеді.

Сонымен қатар, Жолдауда көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы – жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар. Ендігі кезекте, осы тапсырмаларды елімізде әрбір саланың мамандары жүзеге асыруы қажет. Оған қоса мемлекет барлық саланы қадағалап, оған бөлінген қаражаттың нәтижесін сұрап, есебін алып отыруы тиіс. Елбасы айтқандай, «халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты» болса, сондай-ақ алған бағытымызбен жүретін болсақ, қазақ елінің басына ондай күннің де алыс емес екенін аңғарғандаймыз. Сонда ғана тәуелсіздігімізді баянды етіп, Мәңгілік қазақ елі болатынымыз айдан анық.

 

Полковник Алмаз ТІЛЕУХАНОВ

Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері

жөніндегі департаментінің бастығы

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"