Жаңа жыл қарсаңында «Сарбазға хат жаз» әскери-патриоттық акциясы өткізілуде

Жаңа жыл қарсаңында «Сарбазға хат жаз» әскери-патриоттық акциясы өткізілуде

Сарбазға хат жазу – әскери өмірдің көңіл жібітетін парақшаларының бірі болып табылады. Бүгінде хат жазу сәннен шығып кетті. Бірақ, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін бұл оларды үйлерімен, достарымен, туған қалаларымен байланыстыратын жіп іспетті.

Барлық жастағы қазақстандықтар бүкіл елде өткізіліп жатқан «Сарбазға хат жаз» патриоттық акциясына қуана-қуана үн қосты. Жас буын өлең жолдары мен әңгімелер жазды, ал бүлдіршілендер такнктердің, ұшақтар мен Қазақстанның Қарулы Күштерінде мерзімді қызмет өткеріп жатқан өздерінің жерлестеріне арналған портреттердің суретін салды. Әскери қызметшілерге жеңіл қызмет пен үйлеріне аман-есен оралуларын тіледі. Барлық хаттардың мазмұны Отанға қызмет еткені мен қорғағаны үшін алғысқа қанық. Хаттарда бозбалалар өздері, өздерінің жоспарлары мен жетістіктері туралы айтуда, жергілікті жаңалықтармен бөлісуде және әрине, өздерінің отбасы ошақ қасынан щалғайда мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге әртүрлі сауалдар қоюда.
«Мен бұл акцияға қатысуға бел будым. Себебі, сарбаздардың қызметі күрделі екенін түсінемін. Олар тіпті, бейбіт уақытта да еліміздің амандығын қорғауда. Үйден алшақта болған оңай емес және туған өлкеден келген кез келген хабар-ошар үлкен қуанышқа бөлейді», - дейді хаттардың бірінің авторы, Алматы қаласының тұрғыны Даяна Өтепова.
Бәз біреулерге хат жазу оңайға соққан жоқ. Өйткені, балалар алғаш рет бейтаныс адамдарға хаттар жазды, Мәселен, алматылық Даниил Скорыхтың туған ағасы жақында ғана әскерден келді. Ол Десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет өткерді. Бала оған қандай мақтанышпен және одан жауапты тағатсыздана күткенін еске алды.
«Келешекте бәлкім, мен де әскер қатарына шақырылатын шығармын және сен сияқты борышымды өткеремін. Өйткені, менің ойымша, әрбір ер-азамат Отаны алдындағы парызын өткеруі тиіс. Мен сені мақтан тұтамын. Сен нағыз Отан қораушысысың!» - деп жазады Даниил өзінің бейтаныс сарбазына.
Қарағанды облысында акцияға жалпы білім беру мектептерінің кадеттері мен оқушылары қатысты. Олар да Қарағанды облысынан тысқары жерде мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан жерлестеріне хаттар жолдады. Кадеттер «Сарбазға хат жаз» акциясына үлкен энтузиазммен қатысты. Жерлестер үшін олар өздері туралы сыр шерткен әдемі хаттар дайындады. Мерзімді әскери қызметшілерге олардың Отанға адал болғандары үшін алғыс білдіріп, келе Жатқан жылдарымен құттықтады.
«Құрметті Қазақстан әскерінің әскери қызметшісі! Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен! Қызметті ойдағыдай өткеріп, үйлеріне оралуларыңды тілеймін. Мен міндетті түрде сендер сияқты Отанымды қорғайтын боламын», - деді кадет сыныбының командирі Мәрлен Жанабаев. Кадеттердің біршамасы хаттарға символикалық сыйлықтарды, қаламсаптар, қарындаштар қоса ұсынды Кейбіреулер тіпті, қағаздан қар бүршігін қиып салған. Хаттың әрбір авторы өзінің мекенжайы мен телефон нөмірін көрсеткен. «Мүмкін олар біздерге жауап бергілері келетін шығар», - деп ойлады оқушылар мен кадеттер. Бұл туған өлкеден келген хабар-ошар мерзімді әскери қызмтешілерді жігерлендіріп, үйде оларды сағынып жәнее күтіп отырған адамдардың бар екенін білдіргіміз келді.
Бұдан бұрын Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының жергілікті атқару органдары Тәуелсіздік күні қарсаңында «Сарбазға хат» патриоттық акциясын бастағанын естеріңізге сала кетейік. Бұны әрі қарай ҚР Қарулы Күштері де қолдады.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Инфографика: категории годности призывников в роды войск Казахстана

Инфографика: категории годности призывников в роды войск Казахстана