Естен кетпес есіл ер

Естен кетпес есіл ер

Кешегі Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің дара төрағасы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның №1 Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың артында ешкім қайталай алмайтын өшпес із қалды. Аса құрмет тұтатын абыз ағаның алдымен айтқан тарихи деректерінің бірін алға тартайық.

«Жаңадан құрылған Қорғаныс министрлігіне 3 ай мерзім ішінде әскери құрылымдарды қабылдай отырып, олардың басқару жүйесін қамтамасыз ету мен жауынгерлік әзірліктерін тиісті жағдайда ұстау тапсырылды. Бірақ, «балапан – басына, тұрымтай – тұсына» кеткен сол бір өтпелі кезеңде жауынгерлік дайындықты назардан бір сәт те шығармай, ұйымдастыру, басқару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, әсіресе жауынгерлік техникалар мен қару-жарақтарға иелік ету офицерлер мен генералдардан  орасан зор қажыр-қайратты талап етті.

Министрліктің құрылуына байланысты полковниктер С.С.Тауланов, С.Ж.Ахметов, Қ.И.Байжігітов, Б.Д.Кенжебаев, Л.А.Нагай, М.Ю.Раджибаев, М.О.Орынбаев, подполковник А.Н.Киреевтер лауазымдарға тағайындалды. Құрамаларға басшылық жасау генерал-майор Г.Б.Тимошенко және полковниктер А.П.Безюкевич пен Б.Е.Ертаевқа жүктелді.

Келесі топта негізгі жауапты лауазымдарға полковник Ә.Х.Қасымов, полковник А.Ғ.Исенғұлов, генерал-майор Ю.Ш.Курматов, полковник  С.Ж.Темірбеков, полковник М.Г.Бареев, полковник В.Г.Сапсай, полковник А.А.Құсмолдин, полковник Ж.К.Рыспаев, генерал-майор А.С.Әбдірахманов, полковник Б.М.Берекетов, генерал-майор М.Қ.Алтынбаев, полковник  А.Ш.Васимов, генерал-майор Ф.И.Щербаков, полковник В.А.Акулов және басқалар тағайындалды. Осылардың барлығы да Республика Президентінің үкілі үмітін ақтады. Ел іргесін аман сақтау жолында қажыр-қайратын аямай қызмет ете білді. Өз кезегінде Нұрсұлтан Әбішұлы сала қызметінің әрбір күнін, әрбір қадамын жіті назарда ұстады. Қарулы Күштеріміздің Жоғарғы Басқолбасшысы ретінде Отан қорғаушыларымен жиі кездесіп, оларға өте жоғары қолдау көрсетіп тұрды. Әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау мәселелері де өз шешімін таба бастады. Соның арқасында біз жауынгерлік дайындықты аз уақыттың ішінде тиісті жолға қоя білдік».

Әскерилер арасында «ақсақал» атанып кеткен тұңғыш министріміздің сөзінде жан бар. Қайран өмір-ай! Қазыналы қариямызды, қиын кезде жол бастаған көсемімізді, ақылгөй кемеңгерімізді біздің ортамыздан келмеске алып кеттің ғой?! Күн өткен сайын абыз ақсақалымызға деген сағыныш сезімі артып барады, артып барады!  


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП