Ерлік сабағы

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 26 жылдығы және Ұлы Отан соғысының жеңісіне 73 жыл толуына орай 31775 әскери бөлімінде Қарағанды қаласының жасөспірімдер арасындағы аулалық патриоттық клубтарына «Ашық есік» күні аталып өтті.

Бұл ерекше күннің мақсаты біздің егемен еліміздің болашақ өсіп келе жатқан жас буын асөспірім ұл-қыздарымызға қазіргі таңдағы Қарулы Күштеріміздің күнделікті тыныс-тіршілігі, жауынгерлік даярлығы және мәдени демалыстармен жалпы таныстыру іс-шаралары өткізілді.

Атап айтқанда, 31775 әскери бөлімінің тарихы, даңқты да жеңіске жеткен дара жолы осы 203-ші атқыштар дивизиясынан шыққан Кеңес Одағының батырлары және жауынгерлік жолы жайлы ерлік сабағы өткізілді.

Қазіргі заманауи еліміздің Қарулы Күштері қатарында тұрған әскери техникалары үлгісімен Ұлы Отан Соғысы кезінде батыр бабаларымыз жеңіске жеткен техника үлгілерімен танысты.

Әскери бөлімнің қызметшілерінің күн-тәртібі, үй-жайы, тыныс-тіршілігімен танысты.

Әскери бөлімнің сержанттар жеке құрамы жас өскелең ұрпаққа әскери қару-жарақ үлгілерін көрсетіп тактика-техникалық мінездемесімен таныстырды. Оқушылар өз ынта-жігерін танытып, АК-74 қаруын шашып-жинау нормативтерін орындаудан өзара сайысқа түсіп бақ сынасты. Келген оқушы және мұғалім қонақтар атынан біздің 31775 әскери бөлімі ұжымына алғысын білдіріп, келешекте осындай іс-шараларды жиі өткізуімізді сұрады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"