«Еңбекке толы ғұмыр»

   ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Әскери академиясының академигі, Ресей Федерациясы Әскери академиясының академигі, профессор, полковник Исмаилов Анвар Исмаилұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Еңбекке толы ғұмыр» атты көрмесі өтті.

Шараға елімізге белгілі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Әскери ғылым академиясының Президенті А.Т. Бөлекбаев және А.Исмаиловтың жақын достары, әріптестері, отбасы мүшелері қатысып, санаулы ғұмырындағы саналы еңбек жолынан естеліктер айтты.

Белгілі ғалымның әскери-отаншылдық ғұмырбаяны және ғылыми еңбектерімен танысуға зор мүмкіндік жасайтын көрме ағымдағы жылдың 22 қыркүйегіне дейін жалғасады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"